Түркияда балалардың әлеуметтік желіге кіруіне тыйым салды
Түркияда балалардың білім алуына ерекше көңіл бөліне бастады. Олар оқушыларға әлеуметтік желіге кіруге тыйым салатын заң қабылдды. Құжатқа сай барлық әлеуметтік желі платформалары тіркелушілердің жасын нақтылап, 15 жасқа дейінгі балалардың парақша ашуына мүмкіндік бермеуі қажет. Қазір тиісті министрліктер мен интернет платформалар қолданушылардың жасын нақтылау мәселесін біріздендіру жайын талқылап жатыр. Жаңа заңға сай әлеуметтік желіден парақша ашу үшін жеке куәлік номерін енгізу міндеттелмек. Бұл заң балалар арасында артып бара жатқан кибербуллинг, ойынқұмарлық сияқты келеңсіздіктердің алдын алуға бағытталған. Парламент мақұлдауынан өткен заң 5 айдан кейін қолданысқа енеді.
Махинур Өздемир Гөкташ, Түркияның отбасы және әлеуметтік қызметтер министрі:
Ешқандай экономикалық пайда бала қауіпсіздігінен жоғары емес. Сондықтан интернет плаформалар тек экономикалық тиімділікті ойламай, әлеуметтік жауапкершілікті де ұмытпағандары жөн екенін әрдайым айтамыз. Бұл заң балалардың қауіпсіздігін ең жоғары деңгейде қорғайтын экожүйенің бір бөлшегі. Мақсатымыз – цифрлы болашақтың ең жақсы мүмкіндіктерін пайдалана отырып, отбасылық қарым-қатынасты нығайтатын, балаларды қорғайтын қоғам құру.
Автор
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Чемпиондар елге оралды
05.11.2026, 20:30
Қос ауыл тегіс түйе шаруашылығымен айналысады
05.11.2026, 20:24
Елімізде 7 жылда 625 кәсіпорын іске қосылды
05.11.2026, 20:22
Алматыдағы 27 нысан мемлекет қорғауына алынуы мүмкін
05.11.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
05.11.2026, 20:11
Әлеуметтік жобарларды іске асыру – басты назарда
05.11.2026, 20:09
Қазақстан электр қуатын артығымен өндірмек
05.11.2026, 20:08
Ұлттық банк 2028 жылға дейін инфляцияны 5 пайызға дейін төмендетуді көздейді
05.11.2026, 20:06