Басты Жаңалықтар «Respublica» және ЖСДП партиясының тізімі ресми тіркелді

«Respublica» және ЖСДП партиясының тізімі ресми тіркелді

Орталық сайлау комиссиясы «Respublica» партиясының партиялық тізімін ресми түрде тіркеді. Саяси ұйым бастапқыда 76 кандидат ұсынған еді. Кейін бір үміткер өз өтінішімен тізімнен шығарылды. Сондай-ақ өткен Мәжіліс сайлауындағы нәтижесіне сәйкес, «Respublica» партиясы осы жолы сайлау жарнасын төлемейді. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, партиялық тізімдегі әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдардың үлесі 50,7%-ды құрап, заңда белгіленген квота талаптары орындалған.

Олжас Құспеков, «Respublica» партиясы төрағасының орынбасары:
Respublica партиясының партиялық тізіміне 75 кандидат енгізілді. Кандидаттардың орташа жасы – 40,9 жас. Оның ішінде 44 ер адам және 31 әйел адам бар. 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі – 9 адам немесе 12 пайызды құрайды. Ең жас кандидат – 27 жастағы , ал ең үлкені – 55 жаста.
Сонымен бірге Орталық сайлау комиссиясы Жалпыұлттық социал демократиялық партиясының партиялық тізімін де тіркеуден өткізді. Саяси ұйым ұсынған тізімде 33 үміткер бар. Оның 23-і ер адам, 10-ы әйел.
Талғат Омаров, ЖСДП Астана қалалық филиалының төрағасы:

Бүгін өздеріңіз куә болдыңыздар, біз куәлік алдық, тіркеуден өттік. Осыдан 8 күн бұрын 8 шілде күні съезд өткен еді. 33 үміткерді таңдап алдық. 9 шілдеде құжаттардың бәрін ОСК-ға тапсырдық. Соның бәрі заң  талабына сәйкес болып, бүгін қаулысы шығып отыр.


Бөлісу