Әлем жаңалықтарына шолу
АҚШ Иран порттарын қайта блокадаға алды
АҚШ қарулы күштері үш түн қатарынан Иранға соққы берді. Бұған қоса бұл елдің порттарын қайта блокадаға алған. Операция кезінде Иранның әскери нысандарына, жағалау қорғанысы жүйелеріне, зымыран және пилотсыз аппараттар кешендеріне шабуыл жасалған. Ал Тегеран АҚШ-тың Йордания мен Бахрейндегі әскери нысандарына, БАӘ-нің екі танкеріне оқ жаудырды.
Еуропада аптап ыстықтан 10 мыңнан астам адам қайтыс болды
Еуропа елдерінде маусымның соңынан бері аптап ыстықтан 10 мың адам қайтыс болған. Мұндай мәліметті Еуропадағы өлім-жітімді қадағалау жүйесі келтірді. Қайтыс болғандардың 9 мыңнан астамы – 65 жастан асқан егде адамдар. Еуропаның 27 елі бойынша жасалған талдауға сай, маусымның соңғы аптасында өлім-жітім деңгейі Франция мен Бельгияда жоғары болған.
Венесуэлада зілзаладан қаза тапқандар саны 5 мыңға жуықтады
Венесуэлада жойқын зілзаладан қаза тапқан адам саны 5 мыңға жуықтады. 17 мың адам жараланып, тағы осыншама тұрғын үйсіз қалған. 200-дей ғимарат толық қирап, 900-ге жуығына зақым келді. Қуаты 7 балдан жоғары дүмпулер Венесуэлада мамырдың 24-де болды. Бұл - 1 ғасырда болған ең жойқын апат ретінде тіркеліп отыр.
ЕуроОдақ Газа секторына көмек бағдарламасын іске қосты
Еуроодақ Газа секторын қалпына келтіруге бағытталған бағдарламаны іске қосты. Бұл мақсатқа 1 млрд доллар бөлінбек. Бастамаға Еуропа елдері, Жапония, Дүниежүзілік банк және Еуропа инвестициялық банкін қоса алғанда 15 серіктес қолдау білдірген. Қаражат сектордың маңызды инфрақұрылымын қалпына келтіруге жұмсалады.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05