Мәскеуде домбыра үйірмелері де көбейіп келеді
Мәскеуде домбыра үйірмелерінің саны артты.
Шеттегі қандастар, жергілікті тұрғындар тарапынан ұлттық музыкаға сұраныс
жоғары. Олардың айтуынша, домбыра дәстүр мен заманауи өнерді сабақтастыратын, ғасырлар бойы өзінің тарихи
мәнін жоғалтпаған мәдени мұра.
Шетелде
жеті миллиондай этникалық қазақ тұрады. Соның 1.5 миллионы Ресейде қоныс
тепкен. Іргелес елде 20-дан астам қазақ ұлттық ұйымы белсенді жұмыс істейді.
Соңғы жылда Мәскеуде ұлттық музыка топтарының саны көбейді.
Гүлнар
Аминова, қала тұрғыны:
Домбыра қазақ халқының символы. Ол біздің бай дәстүрімізден, тарихымыздан сыр шертеді, мәдениетіміздің алтын діңгегі. Сондықтан барлық жерде ұлттық күйімізді күмбірлетіп, насихаттаймыз. Әсіресе жастардың тарапынан қызығушылық жоғары.
Ресей астанасында тұрып жатқан қандастар ұлттық өнерімізді ұлықтап, қазақтың
салт-дәстүрін жаңғырту парызымыз деп есептейді. Сондықтан ұлттық мерекелерді
дәстүрлі түрде атап өтеді. Түрлі деңгейдегі өнер байқауларында олжалы.
Гүлшат Әлімова, қалалық қазақ ұлттық-мәдени автономиясы басшысының
орынбасары:
Домбыра біздің ұлттық кодымыз. Домбыраның төрт мың жылдық тарихы бар. Біз шетте тұрсақ та, әр апта сайын домбыра курстарын өткіземіз. Өз қаражатымызға домбыра сатып алып, жастарға үйретудеміз. Алдағы уақытта да бұл жұмысты жалғастырамыз.
Мәскеудегі Бүкілресейлік халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіндегі
«Қазақстан» павильонында «Домбыра – халықтың
ұлы үні» фестивалі өтті. Онда қазақ халқының дәстүрлі музыкалық мұрасы кеңінен
таныстырылды. Ұлттық мәдениеттің байлығы мен өзіндік болмысын айшықтайтын
домбыра үйірмелерін Ресейдің өзге де өңірлерінде көбейту жоспарланған.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде «Жасыл ел» мүшелері балалармен кездесті
14.07.2026, 17:39
«QAZAQSTAN», «Qazsport» – 23:50: Франция мен Испания
14.07.2026, 17:38
Алтын Орда ескерткіштері өткеннің өркениетін көрсетеді
14.07.2026, 17:36
7 мыңдай қыз-келіншек әскери қызметте
14.07.2026, 17:35
Ел жаңалықтарына шолу
14.07.2026, 17:33
Қазақстандықтар Индонезияға визасыз барады
14.07.2026, 17:31
Конституция – әділетті қоғам негізі
14.07.2026, 17:29
ОСК: Құрылтайға 546 депутат ұсынды
14.07.2026, 17:27