Басты Жаңалықтар Әлем жаңалықтарына шолу

Әлем жаңалықтарына шолу

Бангладеште су тасқынынан 51 адам қаза тапты

Толассыз жауған жаңбыр өзендердегі су деңгейінің көтерілуі мен лай көшкініне себеп болды. Жеті ауданда жағдай күрделі. Табиғи апат 1 миллионнан астам тұрғынға залалын тигізді.

«Бави» тайфуны: Қытайда 2,8 млн адам эвакуацияланды

Қытайдың шығыс жағалауына «Бави» тайфуны соққы берді. 2 млн 800 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді. Желдің жылдамдығы сағатына 140 шақырымға жеткен. Мыңдаған ұшақ рейсі доғарылды. Метерологтар жауын-шашын әлі де жалғастатынын ескертіп отыр.

Бангкокта өрттен 27 адам қаза тапты

Таиланд астанасы Бангкоктағы бардан өрт шығып, 27 адам қаза тапты. 60-тан астам адам жараланып, ауруханаға жеткізілген. Алдын ала мәліметтерге сай, өртке ауа желдеткішіндегі қысқа тұйықталу себеп болса керек.

Эбола вирусы конгоның 5 провинциясына тарады

Эбола вирусы Конго демократиялық республикасының 5 провинциясына тарады. Ауруды жұқтырған адам саны 1 мың 800-ден асқан. Эболаның әзірге емі жоқ. Қазір індетке қарсы вакцина сынақтап өтіп жатыр.  

Бөлісу