Моңғолиядағы археологиялық кешен қоршалды
Моңғолияның Номғон аңғарындағы Номғон-1, Номғон-2 археологиялық кешендері қорғауға алынды. Оның айналасына темір қоршау орнатылды. Бұл қадам маңызды тарихи жәдігерлерді қорғау мақсатында жүзеге асып отыр. 2022 жылы Номғон-2 ескерткішінде көне түрік және соғды жазулары бар тас стелланың жоғары бөлігі табылған болатын. Тасқа қашалған мәтінде Құтлық қаған туралы мәліметтер жазылғаны дәлелденіп, бұл жерді мемориалдық кешен ретінде қарастыруға ғылыми негіз берілді. Кейінгі жылдары жүргізілген зерттеулерде көне түркі және қытай жазбалары бар стеланың төменгі бөлігі де табылды. Тарихи кешенді қоршау рәсіміне Түркі Академиясының қызметкерлері, Моңғолияның ғалымдары мен бірлескен жобаны жүзеге асыруға қатысқан археологтар мен зерттеушілер қатысты.
Көне түрік дәуірінің ғұрыптық кешені әсіресе Елтеріс Құтлық қағанға арналған бұл екі кешенге қоршау салынып бітті және Моңғолия археология институты атынан арнайы тақтайша орнатылды. Жалпы мынандай Түрік дүниесінің маңызды кешендерді сақтап, қоршап, консервациялап қорғау жағына баса назар аударуымыз қажет.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы