Ресей дизель отынын сыртқа сатуға тыйым салды
Ресей дизельдік отын экспортына тыйым салды. Бұл шектеулер жанармай тапшылығымен байланысты болып отыр. Маусым айында Ресей теңіз арқылы 1,8 миллион тонна дизель экспорттаған. Бұл мамыр айымен салыстырғанда 39 пайызға аз. Елдің ішкі жанармай нарығындағы жағдай әлі де күрделі. Осыған байланысты Ресей шілде айынан бастап мұнай өнімдерін импорттай бастайды. Мәселен, Үндістаннан кемінде 60 мың тонна автобензин жөнелтілсе, Беларусьтен 400 мың тоннаға жуық бензин импорттау жоспарлануда.
Артем Кирьянов, Мемлекеттік Думаның
экономикалық саясат комитеті төрағасының орынбасары:
Кейбір өңірлерде тұрғындар сағаттап кезекте тұрып, 5-6 литр бензин сатып ала алады. Монополистердің жұмысына бақылауды күшейту керек. Оған қоса елде алюминийдің бағасы да күрт өсті. Табиғи ресурстарға бай Ресейде жанармай дағдарысы басталғаны қынжылтады. Сондықтан бұл салаға салықты азайту керек.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Чемпиондар елге оралды
05.11.2026, 20:30
Қос ауыл тегіс түйе шаруашылығымен айналысады
05.11.2026, 20:24
Елімізде 7 жылда 625 кәсіпорын іске қосылды
05.11.2026, 20:22
Алматыдағы 27 нысан мемлекет қорғауына алынуы мүмкін
05.11.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
05.11.2026, 20:11
Әлеуметтік жобарларды іске асыру – басты назарда
05.11.2026, 20:09
Қазақстан электр қуатын артығымен өндірмек
05.11.2026, 20:08
Ұлттық банк 2028 жылға дейін инфляцияны 5 пайызға дейін төмендетуді көздейді
05.11.2026, 20:06