ӘЧ: Ширек финалдағы шешуі сайыстар басталды
Ширек финалдағы шешуші сайыстар басталды. Бүгін түнде Лос-Анджелесте қос еуропалық құрама Испания мен Бельгия кездеседі. Ал кеше Франция құрамасы жартылай финалға шыққан алғашқы команда атанды. Жасыл алаңдағы тартыс қызған шақта жанкүйерлердің көңіл күйі қалай?
Ширек финалдағы шешуі сайыстар басталды. Бүгін түнде Лос-Анджелесте қос еуропалық құрама Испания мен Бельгия кездеседі. Ал кеше Франция құрамасы жартылай финлға шыққан алғашқы команда атанды. Матч қарсаңында әріптесім Шерхан Жамбылұлы қаладағы жанкүйерлер алаңына барып қайтты.
Шерхан Жамбылұлы, тілші:
Голливуд. Әлемдік кинофабрика атанған бұл қалада жыл сайын жүздеген фильм көрерменге жол тартып, әртістердің аты жер жүзініе танылалы. Ал бүгінде Лос-Анджелес доп додасымен дүние назарын аудартып отыр. Бұл жолы кино жұлдыздары емес, жасыл алаң жұлдыздары жарқырайды.
Лос-Анджелес АҚШ-тағы ең ірі екінші қала. Мұнда 200-ден астам ұлттың өкілі тұрады. Тынық мұхитының жағалауындағы мегаполис түрлі мәдениеттер тоғысқан мекен.
Әлем кубогы кезінде бұл қалада бір емес он бірдей фан-зона кезек-кезек жұмыс істеді. Бұл жолы ойынды тамашалау үшін көпшілік Сан-Габриэль аңғарындағы Whittier Narrows саябағына жиналды. Кіреберістен бастап жейделердің саудасы қызған. Ал жасыл желек жайқалған бақ ішінде мерекелік көңіл күй.
Әли, жанкүйер:
Мен үшін Әлем кубогы адамдарды біріктіретін үлкен мереке. Мұнда түрлі елдің өкілдері бір жерге жиналады. Өзге елдердің мәдениетін аздап танып-білуге мүмкіндік бар. Қазір Марокконы қолдап жүргендер көп. Жалпы спорт бізді жақындастырады. Бәріміз бір мақсаттың айналасына топтасамыз.
Алып экраннан футбол тамашалау үшін жұрт көлеңкеде көкке жайғасты. Мұнда сонымен қатар қолөнершілердің жәрмеңкесі де өтіп жатыр. Арнайы шығармашылық алаңдар да бар. Доп теуіп жарысып, түрлі ойындар да ойнауға болады.
Пабло, жанкүйер:
Мұнда мерекелік көңіл-күй. Күннің ыстығына қарамастан футболды арнайы осында келіп көріп жатырмыз. Мен өзім жартылай французбын. Сондықтан Франция құрамасы биыл кубокты жеңеді деп сенемін.
Шерхан Жамбылұлы, тілші:
Иә фан аймақтағы көңіл-күй осындай. Бұл жерде әр елден, әр жерден келген жанкүйерлер бар. Олар әрқайсысы өз құрамасына жанкүйерлік етіп жатыр. Дегенмен олардың тілі мен ділі басқа болғанымен барша жұртты біріктіретін спорт түрі ол футбол.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы