Басты Жаңалықтар MedHub HAQ бағдарламасы іске қосылды

MedHub HAQ бағдарламасы іске қосылды

Денсаулық сақтау саласындағы AI, MedTech және HealthTech жобаларын қолдауға арналған MedHub HAQ бағдарламасының таныстырылымы өтті. Жоба саланы цифрландыру, жасанды интеллект шешімдерін іс-тәжірибеге енгізуге бағытталған. Бағдарлама стартап жобаларға өнімді әзірлеуден бастап,  клиникалық тексеруден өткізіп, медициналық тәжірибеге енгізуге дейін қолдау көрсетеді. Іс-шара барысында қатысушылар денсаулық сақтау саласындағы  негізгі талаптар, медициналық ұйымдарда технологиялық шешімдерді сынақтан өткізу жолдары, MedEx платформасының мүмкіндіктері және стартаптарды қолдау құралдары туралы кеңінен ақпарат алды. Ал стартап иелері өздерінің Айти жобаларын көпшілік назарына ұсынды.

Әлия Өтегенова, стартап жетекшісі:
Біз ұсынып отырған жоба еліміздің мектептеріне кеңінен қолдануға арналған құрылғы. Ол бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы деректерді автоматты түрде өңдейді, талдау жүргізеді, дәрігерге диагноз қоюға және ем тағайындауға көмектеседі, яғни дәрігердің цифрлық көмекшісі қызметін атқарады. Сонымен қатар, жүйе баланың денсаулық картасын жүргізуге мүмкіндік береді. Осы карта арқылы дәрігер талдаулардың нәтижелерін, тексерулер мен жолдамаларды бір жерден көріп, қандай көрсеткіштерге ерекше назар аудару керектігін анықтай алады.


Бөлісу