Алтын Ордада мегаполистер болды
Көшпенділер тек далада өмір сүрді деген түсінік қате. Тарихшылардың айтуынша, қала мәдениетінің дамыған үлгісі дәл Ұлық ұлыс дәуірінде қалыптасты.
Бату хан Еуропа жорығынан кейін алғашқы астана - Сарай-Бату қаласын тұрғызды. Кейін Берке хан Жібек жолы бойында жаңа қалалардың салынуына жол ашты.
Алтын Орданың гүлденген кезеңінде Сарай қаласына әлемнің түкпір-түкпірінен ғалымдар, инженерлер мен сәулетшілер ағылды. Қысқы және жазғы сарайлар салынып, олардың айналасында қолөнер мен сауда қарқынды дамыды.

Өзбек пен Жәнібек хандар тұсында Алтын Ордада 150-ге жуық қала мен шаһар болған. Олардың қатарында Сарай-Берке, Сарай-Жәдид, Қазан, Сауран, Сығанақ, Отырар секілді ірі орталықтар бар.
Көпестер осы қалаларды бойлай жүріп, Қытайға дейін еш кедергісіз жеткен.
Тарихшылардың айтуынша, Алтын Орда қалалары сол дәуірдегі Париж бен Константинопольден де ірі әрі сәулетті болған.
Ұлық ұлыс қалалары өз заманындағы ең озық технологиялармен салынған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы