ӘЧ – 2026: Бразилия 1/8 финалға өтті
Әлем чемпионатының 1/16 финалының ең тартысты кездесулердің бірі Бразилия мен Жапония арасында өтті.
Габриель, Бразилия жанкүйері:
Бразилия бұл жолы чемпиондықты ешкімге бермейді. Әлем чемпионаты керемет деңгейде өтіп жатыр. Біз бес дүркін әлем чемпионымыз. Енді алтыншы титулды жеңіп алатын уақыт келді.
Кездесуді стадионнан 68 744 көрермен тамашалады.
Трибунада сары-жасыл түске боялған бразилиялықтар да, көк жейделі жапониялықтар
да командаларына барынша қолдау көрсетті. Ал матчтың алғашқы бөлігін Жапония
құрамасы өте сенімді бастап, ойын тізгінін өз қолына алды. Жылдам шабуылдарымен
қарсылас қақпасына қауіп төндіріп, есепте алға шықты.
Ито, Жапония жанкүйері:
Ойын өте қызықты өтіп жатыр. Біз әзірге 1:0 есебімен алдамыз. Жапония бүгін өте жинақы футбол көрсетіп жатыр. Осы басымдықты соңына дейін сақтап қаламыз деп сенемін.
Уақыт өткен сайын ойынның қарқыны арта түсті. Бразилиядан
келген жанкүйерлер командасы гол соқпайынша стадионнан кетпейтіндей әсер
қалдырды. Екінші таймда Анчелотти шәкірттері есепті теңестіріп қана қоймай,
соңғы минуттарда жеңіс голын соқты. Сол сәтте қуаныштан барлық жанкүйерлердің секірісінен
стадионның өзі қозғалғандай болды.
Автор
Ерсін Ерік
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
30.06.2026, 15:27
Алматыда 500-дей автобус экологиялық талапқа сай емес
30.06.2026, 13:15
Қазақстан – Саратов: Тауар айналымы $266 млн асқан
30.06.2026, 13:12
«Ауыл аманаты»: Жамбыл облысына ₸7 млрд бөлінді
30.06.2026, 13:09
Түркістанда қыз алып қашқандар ұсталды
30.06.2026, 13:06
Полиция департаменті: Жалған QR көбейді
30.06.2026, 13:03
Президент: Мемлекеттігіміздің жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрмыз
30.06.2026, 13:00
Бельгияда қазақ мәдениетін терең танығысы келетін шетелдіктер көп
30.06.2026, 10:07