Қазақстан – Саратов: Тауар айналымы $266 млн асқан
Қазақстан мен Саратов облысының тауар айналымы былтыр 266 млн доллардан асқан. Бұл алдыңғы жылдың көрсеткішінен 15% жоғары. Өңірде 27 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Екі тарап алдағы уақытта бірлескен жобалардың санын арттыруды көздеп отыр. Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев бастаған делегация өңірге барып, ынтымақтастықты бекіту жолдарын талқылады. Жоғары оқу орындары арасында да әріптестік нығая түспек.
Дәурен Абаев, Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі:
Саратов облысы маңызды экономикалық және өнеркәсіптік орталық, Қазақстан – Ресей ынтымақтастығын нығайту ісіндегі ең белсенді әріптестердің бірі. Барлық салада ынтымақтастық бар. Өңіраралық өзара іс-қимылды кеңейтуге және жаңа кооперациялық жобаларды іске асыруға мүдделіміз.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыАлматы облысының жастары қоғамдық жауапкершілікті талқылады
13.11.2026, 17:25
Тұрғындар тәуелсіз Қазақстанның қандай жетістіктерін мақтан тұтады?
13.11.2026, 17:23
Қызылорда облысында тағы екі ауылға газ қосты
13.11.2026, 17:22
Жолдауда экономикалық даму бағыттар айқындалған
13.11.2026, 17:20
PROD халықаралық олимпиадасына іріктеу басталды
13.11.2026, 17:18
Теңге – тәуелсіздіктің экономикалық тірегі
13.11.2026, 17:17