Президент атынан жаңа Конституцияның арнайы басылымы табысталды
Астанада жаңа Конституциясының арнайы басылымын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың хатымен бірге басылым даналарын Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева тарту етті. «Біз үшін аса маңызды жаңашылдықтың бірі – мәдениет, ғылым және білімнің негізгі конституциялық құндылықтар қатарына енгізілуі. Ұлттық мәдениетті мемлекеттік қолдау және тарихи-мәдени мұраны сақтау алғаш рет мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі ретінде конституциялық деңгейде бекітілді. Сонымен қатар Конституцияда әрбір азаматтың тарихи-мәдени мұраға ұқыпты қарауға, тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндетті екені нақты көрсетілген. Бұл мәні терең, маңызы зор өзгеріс», – деді Аида Балаева. Арнайы басылым шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшелеріне берілді.
Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі:
Конституцияның әр азаматымыз үшін құндылығы жоғары. Өйткені Преамбуладан бастап барлық баптарында адам өмірі даңғыл жол ретінде айқындалған. Еңбегімізді бағалаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзімнің, отбасымның атынан алғыс айтқым келеді. Әділетті Қазақстан құру жолындағы еңбегіміз жемісті болсын.
Жиында Аида Балаева жаңа Конституцияның қабылдануы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы бастаған саяси және қоғамдық жаңғырулардың заңды жалғасы екенін атап өтті. Үкімет басшысының орынбасары Конституцияның маңызы онда бекітілген құқықтық нормалармен ғана емес, ең алдымен, оның өзегіне айналған құндылықтармен айқындалатынына назар аударды. Кездесу барысында жаңа Конституцияда отбасы институтының құқықтық негіздері нақтыланып, қоғам үшін айрықша маңызы бар құндылықтарды қорғау кепілдіктері күшейтілгені де айтылды. Еске сала кетейік, жаңа Конституция 1 шілдеден бастап күшіне енеді.
Қанат Айтбаев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
Бүгін тарихи, қуанышты, әдемі сәт. Мемлекетіміздің ең негізгі саны қолымызға тиіп жатыр. Оның ішінде көңілге ұнайтын тұсы көп. Тарихымызды дәріптеу, отбасы құндылығын дәріптеу. Осы мереке барша ағайынға қуаныш, ынсап, береке әкелсін деп тілегім келеді.
Роза Мұқанова, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері:
Бұл Қазақстан мемлекетінің жаңаруы, жаңа белесі, тарихи сәт. Тек қана Қазақстан мемлекетінің емес, жаңа толқынның келгені. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлына алғысымды білдіремін. Осы бір тарихи белесте әділ қоғам құру жолында қазақ зиялылары Жаңа конституцияға сай үлес қосады деп ойлаймын.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ӘЧ-2026: Топтық кезең аяқталды
29.06.2026, 20:19
Бибісара Асаубаева II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды
29.06.2026, 20:16
Aqtobe Cinema кинотеатры ашылды
29.06.2026, 20:12
Пәкістаннның шабуылынан 38 адам қаза тапты
29.06.2026, 20:07
Сенат 30 жылда 3,5 мыңнан астам заң қабылдаған
29.06.2026, 20:05
Қазақстан мен Грузия стратегиялық серіктес атанды
29.06.2026, 20:04
Баспана кезегінде кімдерге басымдық беріледі?
29.06.2026, 20:03
Тасқала ауданында теміржол вокзалы ашылды
29.06.2026, 20:03