Бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану көлемі 648 млрд теңгеге жеткен
Ал біздің Парламент палаталарының бірлескен отырысында Үкіметтің былтырғы есебі тыңдалды. Депутаттар, әрине, басты сұрақты қойды: былтыр экономика 6,5 пайызға өсті. Жақсы. Бірақ халықтың табысы айтарлықтай төмендеп, инфляция 12 пайыздан асып кетті. Экономика өссе, елдің кірісі неге азаяды?
Премьер-министр О. Бектенов 2025 жылдың қыркүйегінде инфляция 12,9 пайызға дейін жеткенін мойындады. «Алайда Үкіметтің, Ұлттық банктің және өзге де мемлекеттік органдардың бірлескен шараларының нәтижесінде биылғы бес айдың қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 10,4 пайызға дейін төмендеді», – деді. Одан да түсіру жоспары бар.
Дегенмен, Мәжіліс депутаты Айдос Сарым бюджетті жоспарлау және оны жұмсау саясатын қатаң сынады. Бюджеттің жыл ішінде 8 рет өзгеруі, кіріс жоспарының орындалмауы, инфляцияны тежей алмау, тұтынушылық несиенің бақылаусыз өсуі және мемлекет қаржысының шашылуын атады.
Ал бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану көлемі 648 миллиард теңгеге жеткен. «Кез келген болашағын ойлаған жауапты отбасы өз мүмкіндігін есептеп өмір сүреді. Егер отбасы жыл басында жасаған жоспарын жыл ішінде қайта-қайта өзгертіп, бір қарызын екінші қарызбен жауып, жинақтағы қаражатын күнделікті қажеттілікке жұмсай бастаса, оның қаржылық жағдайын тұрақты деп айта аламыз ба?», – деді Айдос Сарым.
Соңында «Сынды сын айту үшін емес, нәтиже шығару үшін айтып отырмыз. Өйткені мемлекеттік басқаруда эмоция емес, нақты көрсеткіш пен нәтижелер шешуші рөл атқарады. Қорытынды біреу – Қазақстанға жаңа сападағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі қажет», – деп түйіндеп, әріптестерін үкімет есебін бекітуге шақырды.
Есеп бекітілді.
Автор
Жайна Сламбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Қымызмұрындық–2026»: Дәстүрлі шараға 35 мыңға жуық адам қатысты
28.06.2026, 21:03
Аптап ыстық: Күннің қызуы тері обырын тудыруы мүмкін бе?
28.06.2026, 20:05
Психологтарға қойылатын талап қатаңдайды: Жаңа ереже нені өзгертеді?
28.06.2026, 20:04
Педагогикалық мамандыққа түсушілерге талап күшейеді
28.06.2026, 20:02
Еуропа Кеңесі Қазақстандағы реформаларды қолдады
28.06.2026, 19:52
Қазақстан мен Еуропалық Одақ: Не береміз, не аламыз?
28.06.2026, 19:50
Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды
28.06.2026, 12:18
Еуропа кеңесі Қазақстандағы конституциялық реформаларды қолдады
27.06.2026, 16:48