Әлем чемпионатына 65 мыңға жуық волонтер жұмылдырылды
Волонтерлер деген кім? Биылғы әлем чемпионатында олардың саны қанша? Турнирдің табысты өтуіне үлес қосып жүрген 65 мыңға жуық ерікті жанкүйерлерге бағыт-бағдар көрсетіп, ақпарат беріп, ұйымдастырушыларға қолғабыс етеді. Олар қалай іріктеледі және қандай міндет атқарады? Толығырақ Ерсін Еріктің бейнематериалында.
Биылғы Әлем чемпионатына АҚШ, Канада және Мексикада жұмыс істейтін 65 мыңға жуық волонтер шақырылған. Үміткерлер онлайн өтінім беріп, бірнеше кезеңнен тұратын іріктеуден, сұхбаттан және арнайы дайындықтан өтеді. Волонтер болу үшін үміткер 18 жасқа толған болуы қажет. Сонымен қатар ұйымдастырушылар ағылшын тілін меңгерген, жауапкершілігі жоғары, адамдармен еркін қарым-қатынас жасай алатын азаматтарға басымдық береді.
Родней Баррето, FIFA жергілікті ұйымдастыру комитетінің төрағасы:
Волонтерлер стадиондарда, фан-фестивальдерде, әуежайларда, медиа орталықтарда және көлік тұрақтарында қызмет атқарады. Олардың міндеті – жанкүйерлерге бағыт көрсету, қажетті ақпарат беру, аккредитация блйынша көмектесу және қонақтардың өзін жайлы сезінуіне жағдай жасау. Еріктілер бұл жұмысы үшін жалақы алмайды. Оның орнына арнайы киім, тамақтану, қоғамдық көлікпен тегін қатынау мүмкіндігі, ресми сертификат және әлем чемпионатының ұйымдастыру тобының бір мүшесі болады. Сонымен қатар олар әлемнің түкпір-түкпірінен келген адамдармен танысып, жаңа орта қалыптастырып, халықаралық деңгейдегі ірі спорттық додаға өз үлесін қосады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы