Ресейге кіру тәртібі өзгереді
Бірінші шілдеден бастап Ресейге баратын шетелдіктер, оның ішінде қазақстандықтар « Ру-ай-ди» мобильді қосымшасын жүктеуі тиіс. Онда шекарадан өтерден 72 сағат бұрын тіркеліп, электрондық өтініш толтырылады. Сол арқылы әр азаматқа QR код берілмек. Ол 90 күн бойы жарамды. Алдын ала тіркелмегендер Ресейде медициналық көмектен қағылады, сим карта сатып ала алмайды, банктерде есепшот аша алмайды. Бұл өзгерістер 6 жасқа дейінгі балаларға, Ресейде аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне және олардың отбасы мүшелеріне қатысы жоқ. Жаңа ережелер барлық өткізу пункттерінде қолданылады. Бұл талап заңсыз миграцияға қарсы бағытталған, дейді мамандар.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыАлматы облысының жастары қоғамдық жауапкершілікті талқылады
13.11.2026, 17:25
Тұрғындар тәуелсіз Қазақстанның қандай жетістіктерін мақтан тұтады?
13.11.2026, 17:23
Қызылорда облысында тағы екі ауылға газ қосты
13.11.2026, 17:22
Жолдауда экономикалық даму бағыттар айқындалған
13.11.2026, 17:20
PROD халықаралық олимпиадасына іріктеу басталды
13.11.2026, 17:18
Теңге – тәуелсіздіктің экономикалық тірегі
13.11.2026, 17:17