ӘЧ шолу: Португалия – Өзбекстан
Криштиану Роналду 6 әлем чемпионатында қатарынан
гол соққан алғашқы футболшы атанды. Португалия құрамасы 2 тур аясында көршілес
Өзбекстан құрамасын жеңді. Ойын туралы толығырақ Ерсін Еріктің
бейнематериалында.
Топтық кезеңнің бірінші ойынында тек бір ұпай алған Португалия құрамасы матчы
белсенді бастады. Небәрі матчты 6 минутында Криштиану Роналду өзбекстан
қақпасынан саңылау тауып, жылдам есеп ашып кетті.
Қорғаныста барынша сауатты ойнауға тырысқан Каннаваро шәкірттері өз
қақпаларының маңында ереже бұзып, матчтың 17 минутында стандарт жағдайы кезінде
Нуну Мендеш өз мүмкіндігін мүлт жібермеді.
Тайм аяқталар тұста Роналду есепті еселеп, ӘЧ-ттарында соққан голдар санын
10-ға жеткізді.
Ойынның екінші бөлігінде де Португалия құрамасы ойын тізгінін қарсыласқа
бермеді. 60 минутта Өзбекстандық ойыншы өз қақпасына гол соғып алса, 87 минутта
Рафаель Леау матчтың нүктесін қойды. Қорытынды есеп 5:0.
Нодырбек Абдувахобов, жанкүйер:
Енді Конго құрамасына қарсы мүмкіндік бар деп ойлаймын. Олардың Колумбиямен ойынын біз үшін де маңызды. Үшінші ойынымызда командаға барынша жанкүйер боламыз. Топтан үшінші орын алуға тырысу керек.
Бруну Фернандеш, Португалия құрамасының футболшысы:
Жеңіске жеткенімізге қуаныштымын. Сондай-ақ Роналду үшін де қуаныштымын. Біз бір командамыз. Команда ішіндегі көңіл күй де жақсы. Әр ойынға финал ретінде қараймыз.
Автор
Ерсін Ерік
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21