«Айбын – 2026»: Зияткерлік ойындар өтті
Биылғы «Айбын – 2026» жиынында «Цифрландыру және жасанды интеллект» жылына орай бірнеше зияткерлік ойындар өтті. Оның қатарында цифрлық технологияларға арналған байқау да бар. Сонымен қатар ұлттық ойындардан да жарыстар ұйымдастырылды.
Жиында жасөспірімдер өздерінің жасанды интеллект бағытында әзірлеген жобаларын
таныстырды. Цифрлық технологияларды меңгеру – ел қалқаны болар болашақ
жауынгерлер үшін маңызды, - дейді ұйымдастырушылар. Алайда байқауда
алынған балдар жалпытоптық есепке алынбайды. Биыл дәстүрлі әскери жаттығуларға садақ
ату, арқан тарту, асық ату және ләңгі тебу, қыздар үшін бес асық сияқты ұлттық
спорт ойындары енгізілген. Ұлттық ойындарға шетелдіктердің де қызығушылығы зор
болды.
Есен Артылбеков, жиынға қатысушы:
Біздің де ұлттық ойындардың біріне кіреді. Біз де осындай шүке ойнаймыз. Сіздерде асық десе, біздерде шүке дейді. Біздің де ұлттық ойындардың бірі бұл. Бүгін ауа райы да жақсы болды, күн өте ыстық емес, салқын. Бұл жақ өте әдемі сияқты дегендей. Жақсы болды.
Саят Нұржанұлы, жиынға қатысушы /Атырау/:
Кезінде мен ауылдық жерде тұрдым. Сол кезде балалар болып асық ойнайтын болдық. Асық ойнау үйрендік. Осы алаңға келіп, өзімнің бағымды сынап жатырмын.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ӘЧ шолу: Португалия – Өзбекстан
24.06.2026, 17:30
Aqsham Talks алаңында кітап болашағы талқыланды
24.06.2026, 17:27
Реформаларға арналған кітап пен аналитикалық жинақ шықты
24.06.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
24.06.2026, 17:18
Халық кеңесі мен Құрылтай құрылады
24.06.2026, 17:15
Ресей дизельді отынды экспорттауға тыйым салмақ
24.06.2026, 17:12
«Ақтау – Доссор» автожолын жөндей бастады
24.06.2026, 17:10
Қазақстанда Қытай көліктері құрастырылуы мүмкін
24.06.2026, 17:07