Ресей дизельді отынды экспорттауға тыйым салмақ
Ресейде дизельдік отын экспортына тыйым салынбақ. Елдің 50-ден астам өңірінде бензин тапшы. Себебі он мұнай өңдеу зауытының сегізі істен шыққан. Енді Мәскеу, Санкт-Петербург сияқты ірі мегаполистерде де адам басына 10-20 литрден артық бензин сатылмайды.
Ресей ішкі сұранысты қанағаттандыра алмай отыр, сондықтан отын экспортына
жуырда шектеу қойылмақ. Бүгінгі күні резервтегі жанармай қоры пайдаланылуда.
АИ-92 маркалы бензин құнының көтерме бағасы 100 рубльден асып кеткен.
Ангелина Солдатова, қала тұрғыны:
Мен кешеден бері кезекте бензин күтіп отырмын. Бір сағаттан кейін болуы мүмкін деген сыбыс бар, үмітім үзілмеді. Мәскеудегі барлық көлік осылай бір аптадан бері кептелісте бензин күтуге мәжбүр.
Ірі қалаларда адам басына ең көп 30 литр бензин сатылса, ал тасжол бойындағы
бекеттерде лимит 60 литр бензин және 200 литр дизель. Мамыр айында Ресейдің
мұнай өндіру көлемі соңғы бір жылдағы ең төменгі деңгейге түскен. Жаз басында
елдің орталық бөлігіндегі ірі мұнай өңдеу кәсіпорындарының көпшілігі өндірісті
қысқартуға немесе уақытша тоқтатуға мәжбүр болған.
Станислав Митрахович, РФ
Үкіметі жанындағы ұлттық
энергетикалық қауіпсіздік қоры мен қаржы университетінің сарапшысы:
Ресейде энергетикалық дағдарыс басталды деп айта аламыз. Бұрын тек елдің шығыс аймағында бензин тапшылығы туындайтын. Қазір жарты Ресейде мәселе ушығып тұр. Оған қоса бензинді тасымалдау үшін логистика бұзылды. Себебі көптеген кәсіпорындарға, жолдарға шабуыл жасалды. Осыған дейін бюджетке түсетін қаржының 80 пайызы мұнай өңдеу компанияларының салығы еді. Тағы салық өссе, Ресейде мүлдем бензин қалмауы ықтимал.
Ресейде өзге де елдерден импортталған жанармай ішкі нарықтың бензинге
мұқтаждығын өтеуге жеткіліксіз. Ал мұнай өңдеу зауыттарындағы жөндеу жұмыстары
бірнеше жылға созылуы мүмкін. Сондықтан Евро-3, Евро-4 деп аталатын төмен
экологиялық кластағы жанармайды ішкі нарыққа шығаруға рұқсат беру мәселесі
талқыланып жатыр. Бұл дегеніміз зиянды заттардың ауаға шығару деңгейі артады
деген сөз.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Aqsham Talks алаңында кітап болашағы талқыланды
24.06.2026, 17:27
Реформаларға арналған кітап пен аналитикалық жинақ шықты
24.06.2026, 17:25
«Айбын – 2026»: Зияткерлік ойындар өтті
24.06.2026, 17:20
Ел жаңалықтарына шолу
24.06.2026, 17:18
Халық кеңесі мен Құрылтай құрылады
24.06.2026, 17:15
«Ақтау – Доссор» автожолын жөндей бастады
24.06.2026, 17:10
Қазақстанда Қытай көліктері құрастырылуы мүмкін
24.06.2026, 17:07
Алматыда балалар арасында ішек инфекциясы көбейді
24.06.2026, 17:05