«Айбын» әскери ойындары жалғасып жатыр
Бүгін жалынды жастардың басын қосқан «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жиынының үшінші күні. Темірдей тәртіпті талап ететін әскери өмір жас өрендерді біршама шыңдады. Спорттық жарыстар әлі де жалғасуда. Бүгінгі сайыс туралы тікелей эфирге қосылған өңірдегі тілшіміз Бибінұр Әмірханқызы айтып береді. Бибінұр, әскери эстафета неше кезеңнен тұрады? Оған қанша жас қатысып жатыр?
Әскери эстафета 5 кезеңнен тұрады. Оның әрқайсысына команданың жекелеген мүшесі қатысып жатыр. Барлығы 53 команда. Бір қарағанда сайыс қиын емес, яғни барлық кезеңде жас өрен 25 метр қашықтықты жылдам жүгіріп өтуі тиіс. Бұл қысқа дистанция. Алайда әр кезеңде өзіндік кедергілер бар. Мәселен, алғашқысында Калашников автоматын бөлшектеп, жинаған соң жүгірсе, екінші кезеңде газтұмшалаушы перде мен оқ өткізбейтін ауыр жилет киіп, жүгіруі тиіс. Жаңбырдан кейінгі қапырықта бұл оңай шаруа емес. Үшінші кезеңде 15 келілік әскери оқ-дәрі салынған жәшікті көтеріп жүгіреді, төрітіншісінде сым бөгеттен еңбектеп өтуі тиіс. Соңғысында жүгіріп келіп садақпен оқ атады. Міне, осы сындардан сүрінбей өткен топ жеңімпаз атанады.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жалпыұлттық онлайн-марафон: Дискуссия алаңында 15 тақырып талқыланды
24.08.2026, 20:57
Ғалымдар Жанкент шаһарын 20 жылдан бері зерттеп келеді
24.08.2026, 20:54
Елімізде тарихи-мәдени мұраны қорғауға қатысты берік құқықтық тетік қалыптасты
24.08.2026, 20:50
Жаңбыр соңы қарға ұласады, кей өңірлерде +35 градус болады
24.08.2026, 20:44
«Жаңа оқу жылына - таза мектеп» акциясы өтуде
24.08.2026, 20:19
Көлік саласын цифрландыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
24.08.2026, 20:17
Елімізде міндетті сақтандыру жүйесі өзгереді
24.08.2026, 20:12
Амандасуда ұлттық әдеп бар
24.08.2026, 20:09