«Айбын – 2026»: Жасөспірімдер мергендіктерін сынады
Бүгін «Айбын – 2026» халықаралық әскери-патриоттық жиынында жасөспірімдер пневматикалық қарудан оқ атып, автоматты бөлшектеп, жинау сайысына қатысты. Іс-шараның басы-қасында жүрген тілшіміз Бибінұр Әмірханқызы тікелей эфирге қосылып отыр. Бибінұр, жарыс қалай өтіп жатыр?
Бибінұр Әмірханқызы, тілші:
Шектеулі уақытта нысананың ондығына дәл тигізу – мергендік пен шапшаңдықты, әрі сабырлықты талап етеді. Пневматикалық қарудан оқ ату, Калашников автоматын бөлшектеу, әрі жинау - әскери-спорттық сайыстың негізгі бөліктерінің бірі. Сондықтан жарыс өте қызу, әрі тартысты өтіп жатыр. Жасөспірімдердің оқ-қарумен жұмыс істеудегі шапшаңдығы мен жинақылығы кім-кімді болсын тәнті етеді. Осы күндері әскери полигонда шатырлы лагерьде тұрып жатқан бір мыңға жуық жасөспірім нағыз әскери өмірдің дәмін татып жатыр. Жалпы «Айбын» жиыны ел қорғаушыларының жаңа буынын қалыптастыратын ауқымды жобаға айналды.Жалпы алдағы күндері жасөспірімдер әскери эстафетаға қатысып, қанат тартып, білек күштерін сынайтын болады, әрі әскери-тактикалық ойындарға қатысады. Жалпы, жиын әр күні қызықты өтіп жатыр. Әзірге мендегі ақпарат осы.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Құрылыс саласына инвестиция құю халықтың тұрмыс сапасының жақсаруына ықпал етеді»
25.08.2026, 23:21
Елімізде Мұғалжар жылқысы көбейіп келеді
25.08.2026, 20:32
Жаңа жүйе оқушылар арасындағы келеңсіздікті анықтайды
25.08.2026, 20:18
1 қыркүйекте паспорт рәсімдеу тәртібі өзгереді
25.08.2026, 20:17
Шымкентте жаңа өндірістің арқасында 13 мың жұмыс орны ашылады
25.08.2026, 20:16
Әлем жаңалықтарына шолу
25.08.2026, 20:15
Ресейде жанармай дағдарысының екінші толқыны басталды
25.08.2026, 20:14
Бүгіннен бастап электрлі самокат жүргізушілерге талап күшейді
25.08.2026, 20:12