Жаңалық ауылының тұрғындары ішімдіктен бас тартты
Жетісу облысы Жаңалық елді мекенінде соңғы 5 жылда бір де бір қылмыс тіркелмеген. Ауылдағы ағайын мұны тұрғындардың ішімдіктен бас тартуымен байланыстырып отыр. Бастаманы ауыл ақсақалдары көтеріп, тұрғындар бірауыздан қолдаған. Осылайша қоғамдық тәртіп нығайып, отбасылық құндылықтар мен үлкен мен кіші арасындағы қарым-қатынас та күшейе түсті. Қазір Жаңалық ауылы өңірдегі алкогольден бас тартқан 30 елді мекеннің бірі саналады. Ауылдағы қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету үшін учаскелік полиция қызметкерлері тұрғындармен тұрақты кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Ал жергілікті халық өзара сыйластық пен жауапкершілікті басты қағидаға айналдырған.
Болат Дайыров, ауыл ақсақалы:
Дүкендерде сатылатын арақ, шараптарды тоқтатып, қазіргі уақытта өмір салты түзу жастарымыз спортпен, дене шынықтыру секілді жақсы дүниемен айналысып жатыр.
Мәди Шәкенов, Жетісу облысы
әкімінің кеңесшісі:
Облысымызға қарасты 3 ауданда 5 ауылдық округіміз бар. Яғни тұрғындары 2 мыңнан 5 мыңға жуық. Бұл дегеніміз ауыл дүкендерінде тұрғындар мүлдем ішімдіктен бас тартқан. Ол дегеніміз жалпы Президентіміздің «Таза Қазақстан» бастамасы. Бұл деген ауланың тазалығы емес, ағаш отырғызу емес, рухани адамның ішкі жаңаруы.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04