«Айбын-2026»: Жастар шығармашылық байқауда бақ сынады
«Айбын-2026» ХІІ Халықаралық әскери-патриоттық жиынында жастар шығармашылық байқауға қатысып, өнерін көрсетті.
«Айбын жұлдызы» байқауы нағыз өнер мен шабыт мерекесіне айналды. Ұлттық киім киген жасөспірімдер ән мен биден шашу шашып, ұлттық аспаптарда ойнады. Биылғы жиынға еліміздің өңірлерінен бөлек, Әзербайжан, Өзбекстан, Ресей және Қырғызстаннан келген командалар қатысып жатыр. Жарыста физикалық дайындықтан бөлек, тапқырлық пен шығармашылық қабілеті сыналады. Қатысушылардың айтуынша, бұл жай ғана жарыс емес, тәртіпке баулып, топпен жұмыс істеуге үйретеді.
Нұрбибі Таңатарова, жиынға қатысушы:
«Айбын» жарысы өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Бірінші күн болса да бізге барлығы ұнап жатыр: тамағы, тұру орны барлық жағдай жасалған. Ұлытау – ұлт ұясы демекші, Ұлытаудың атын қорғап, оның атын республикалық деңгейде шығару үшін көп уақыт бойы дайындалдық. Оны жақсы деңгейде көрсетеміз деген ойдамыз.
Әжібек Рысқұлов, жиынға қатысушы:
Қазақ пен қырғыз бір туған дейді. Мұнда үйде жүргендей болдық. Барлығы жақсы, бізді жақсы қарсы алды. Іс-шара атамекенін қорғайтын ер балалар үшін маңызды. Өйткені біз тәжірибе жинақтаймыз. Жаңа танысулар болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы