Елімізде 25 маусымда колледждерге құжат қабылдау басталады
Биыл еліміздегі колледждерге 140 мың грант бөлінді. Оқу орындарына құжат қабылдау 25 маусымнан басталады. Талапкерлер өтінімді Egov.kz порталы арқылы немесе колледжге барып электронды түрде тапсыра алады. Мемлекеттік білім беру тапсырысы техникалық мамандықтарға көбейген. Құжат қабылдау 28 тамызға дейін жүргізіледі. Дегенмен бұл мерзім мамандықтарға байланысты әртүрлі екенін ескерген жөн.
Ақзира Қасымова, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директоры:
Жұмысшы біліктілігін алуға ниетті түлектер колледждерге әңгімелесу нәтижесі бойынша қабылданады. Орта буын мамандықтары мен қолданбалы бакалавриатқа түсушілер үшін конкурс міндетті және бейіндік пәндер бойынша аттестаттың орташа балы негізінде өткізіледі. Заңнамаға сәйкес жекелеген санаттағы талапкерлер үшін квота қарастырылған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сайлау учаскелерінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактісі тіркелмеген
24.08.2026, 10:58
Мемлекет басшысы қазақстандық дзюдошыларды құттықтады
24.08.2026, 10:08
Жалпыұлттық онлайн-марафон өтті
24.08.2026, 10:07
Партия жетекшілері сайлау қорытындысын оң бағалады
24.08.2026, 10:06
Exit poll нәтижесі
24.08.2026, 10:04
Байқаушы: Сайлау барлық халықаралық талаптарға сай ұйымдастырылған
24.08.2026, 10:02
Шетелдегі барлық сайлау учаскелері жұмысын аяқтады
24.08.2026, 10:02
Соңғы сайлау учаскесі жабылды
24.08.2026, 10:00