Дәрігер: Қазір балалардың сүйегі әлсіз
Табаны тайса болды, сүйегі сынатын балалар көбейді. Дәрігерлер соңғы уақытта бүлдіршіндердің тым әлсіз болып бара жатқанына алаңдайды. Айтуларынша күніне 4-5 бала ота бөлмесінен бір-ақ шығады. Мұның себебі неде?
Назерке Өтеген, тілші:
Денситометр деген аппарат бар. Құрылғы сүйек беріктігін дәл көрсетеді. Ол арқылы жүргізілген зерттеулер нәтижесінде мамандар 17 жастағы қыз-жігіттердің сүйегіне «предостеопороз» деген атау береді. Бұл остеопороз, яғни сүйек сынғыштығының қауіпті деңгейі деген сөз. Ал әдетте мұндай белгі бұрын 40 жастан асқандарда ғана кездесетін.
Елордалық Динара да аунап, аударылып жатса да аттай шауып кететін бала аз дейді қазір. Сөзіне өз ұлдары дәлел. Екінші баласы солай аяғын ауыртқан, гипс салды, енді 20 күн емделеді. Сүйек әлсіздігінің себебі қимыл қозғалыстың аздығанан дейін десем, балаларым спортпен кәсіби түрде айналысады, деп отыр.
Динара Жарова, қала тұрғыны:
Екінші балам бар. Ол да жарыс кезінде балалармен ойнап аяғын сындырып алған болатын. Яғни екінші баламмен екінші рет травмотологияға келіп тұрмын.Сүйектерінің сынуы менің ойымша ақуыздың жетіспеушілігінен. Біз айран, сүтті баяғыда қалай ішуші едік, ал қазіргі балалар өкінішке қарай оларды жемейді. Соның барлығы сүйектің әлсіздігіне, сынуына әкеледі деп ойлаймын.
Дәрігерлердің дерегінше, күніне сүйегі морт сынған кем дегенде 4-5 бала ауруханаға жатқызылады.
Ердәулет Байдалиев, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының травматолог-ортопед дәрігері:
Бізге қалыпты жағдайда 60-80 бала қаралады. Оның ішінде 10-15 сынық болады.Содан көп операцияларға жіберіледі.Өйткені сынық орнынан жылжып кеткен. Наркозбен орнына туралап, гипстеп қоямыз.
Мамандардың сөзінше, мұның негізгі себебі — дұрыс тамақтанбау. Бүлдіршіндерге D дәрумені жетіспейді, кальцийге бай өнімдерді аз жейді. Сүйек саулығына сүт өнімдерін тұтынбау да әсер етеді. Оның үстіне қазір өсімдік сүтін ішу сәнге айналған.
Жанна Бапсанова, диетолог:
Өсімдік сүтінің сиыр сүтінен көп айырмашылығы бар. Және ол кішкентай балаларға қатты пайдалы болмайды. Егер балаңызды табиғи өсіретін болсаңыз, екі сүтті алмастырып, бірақ өсімдік сүтін күнделікті жейтін тамағына айналыдруға болмайды. Энергетикалық сусындар, кофеині бар сусындар, газдалған сусындар, қанты көп сусындар бәрі кальциді сүйектерден шайып кетеді.
Мәселені алдын алудың жолы бар. Мамандар ол үшін табиғи өнімді, мүмкін болса дәруменге бай дала дәмін тұтынуға кеңес береді. Одан бөлек күнделікті қимыл-қозғалысты реттеген жөн. Сонда бала жарақаттан да, әлсіздіктен де ада болады, дейді.
Автор
Назерке Өтеген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елдің барлық өңірінде «Әdilet» партиясының филиалы құрылды
22.06.2026, 21:03
Президент: Қазақстан Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге дайын
22.06.2026, 20:23
ӘЧ: Кабо-Верде тағы да сенсация жасады
22.06.2026, 20:16
Орман алқаптарында күзет күшейтілді
22.06.2026, 20:14
Аптап ыстықта өзен-көлдерде бақылау күшейтілді
22.06.2026, 20:12
Еуропаның бірнеше мемлекеті аптап ыстықтан зардап шегіп отыр
22.06.2026, 20:10
«Айбын -2026»: Жасөспірімдер спорттық жарыстарда бақтарын сынады
22.06.2026, 20:09
Елде апта бойы 42 градусқа дейін ыстық болады
22.06.2026, 20:08