Әл-Фарабидегі жол апаты: Александр Пак 10 жылға сотталды
Алматыда Әл-Фараби даңғылындағы үш адамның өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша айыпталған Александр Пак 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Әлібек Күмісбеков соттан Александр Пакқа 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған еді. Сот үкіміне сәйкес, Пак жәбірленуші тарапқа 10 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеуге міндеттелді. Сондай-ақ сотталушы өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айрылды. Ол жазасын қауіпсіздігі ең төмен түзеу мекемесінде өтейді. Судьяның айтуынша, сотталушының кінәсі куәгерлердің жауаптары, сараптама қорытындылары және іс материалдарымен толық дәлелденген.
Еске сала кетейін, қайғылы жол-көлік оқиғасы 21 наурыз түні Әл-Фараби даңғылында болған. Апат салдарынан Mercedes көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
Автор
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматы облысында «Байсерке аспаны – 2026» авиашоуы өтеді
12.08.2026, 20:41
Ерекше балаларды қолдауға арналған кабинеттер саны артып келеді
12.08.2026, 20:36
Қазақстанда 14-35 жас аралығында 6 млн-нан астам азамат бар
12.08.2026, 20:33
Министрлік: eGov жүйесі бұзылған жоқ
12.08.2026, 20:31
2029 жылға дейін коммуналдық саланың 60%-ы жаңарады
12.08.2026, 20:29
Сайлау – саяси дамудың жаңа кезеңі
12.08.2026, 20:25
Түркияда Құрылтай сайлауына дайындық қызу жүріп жатыр
12.08.2026, 20:08
Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
12.08.2026, 20:07