Басты Жаңалықтар Түркі халықтарының тарихын цифрландыру қажет

Түркі халықтарының тарихын цифрландыру қажет

Түркі халықтарының тарихи және мәдени мұрасын жүйелеп, бір цифрлық платформада жинақтау маңызды міндет. Оған қоса түркі әлеміне ортақ әліпбиді енгізу де халықтар арасындағы рухани байланысты одан әрі нығайтады. Бұл мәселелер Алматыда өткен Түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесінің XIX отырысында талқыланды. Жиынға ұйымға мүше мемлекеттердің саяси және қоғам қайраткерлері қатысып, түркі ынтымақтастығын дамыту мәселелерін талқылады. Отырыста бауырлас елдер арасындағы өзара сенім мен татулықты күшейтуге бағытталған бастамалар да сөз болды. Сондай-ақ түркі әлеміне ортақ тарихи мұраны сақтау, ғылыми зерттеулерді қолжетімді ету және мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қуанышбек Өмірәлиев, Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы:

Бұл алфавитті бәрін біліп керек жоқ, оқыса, бәрін түсіне біледі. Ортақ тарих деп айтпаймыз ба? Әрбір мелекеттің өз тарихы бар. Түркі халықтары елдері қайсыдан бастап бірге келгенбіз. Біздің оқымыстылар зерттеп жатыр.

Икрам Адырбеков, Түркі мемлекеттері ұйымы ақсақалдар кеңесінің мүшесі:

Түркі өркениетіне, мәдениетіне, тарихына байланысты  құжаттарыдң бәрі, тарихи зерттеулер нәтижесінің бәрі бір платформада жинақталуы керек. Мемлекет басшысы ұсынды. Онда кез келген адам өз тілінде керек материалдарын ала алады.
Бөлісу