Жанкүйерлер фестиваліндегі футбол мерекесі
Әлем чемпионатының ойынына билетіңіз жоқ па? Еш алаңдамаңыз. Футбол мерекесінің атмосферасын стадионға бармай да сезінуге болады. Әлем чемпионатын қабылдайтын қалалардағы ресми фан фестивальде жанкүйерлер матчтарды үлкен экраннан тамашалап, түрлі ойын-сауық бағдарламаларына қатысып жатыр. Әріптесім Ерсін Ерік футбол жанкүйерлері жиналған мерекелік алаңнан репортаж дайындады.
Ерсін Ерік, тілші:
Далластағы фан фестиваль күн сайын мыңдаған жанкүйерді қабылдап жатыр. Матч басталардан бірнеше сағат бұрын-ақ мұнда келушілер саны артып, алаң мерекелік көңіл күйге бөленеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальге әлемнің түкпір-түкпірінен келген футбол жанкүйерлері жиналуда.
Джесси, FIFA Fan Festival ұйымдастырушысы:
Фан фестивальге күн сайын өте көп жанкүйер келеді. Әсіресе матч күндері келушілер саны айтарлықтай артады. Біз қонақтардың қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін барлық жағдайды жасап отырмыз. Мұнда әр адам әлем чемпионатының ерекше атмосферасын сезіне алады.
Фан фестивальде әр елден келген жанкүйерлер
бас қосқан. Мұнда матчтарды көруден бөлек, келушілерге арналған түрлі аймақтар
жұмыс істейді. Алаң аумағында ресми FIFA дүкені орналасқан. Сондай-ақ балаларға
арналған ойын алаңдары мен жанкүйерлердің бос уақытын қызықты өткізуіне мүмкіндік
беретін арнайы аймақтар қарастырылған. Ал түрлі тағамдар ұсынатын фудкорттар
келушілерге жайлы жағдай жасап отыр. Сондықтан бұл жер футбол көретін алаң ғана
емес, бүкіл отбасы уақыт өткізе алатын үлкен мерекелік кеңістікке айналған.
Марта, жанкүйер:
Мұндағы атмосфера керемет екен. Әртүрлі елдің жанкүйерлері бір жерде жиналып, өз командаларына қолдау көрсетіп жатыр. Барлығының көңіл күйі көтеріңкі, адамдар бір-бірімен еркін араласады. Бұл әлем чемпионатының нағыз мерекесі деп айтар едім.
Фан фестиваль – әлем чемпионатының
атмосферасын сезінудің ең қолжетімді жолдарының бірі. Мұнда әр матч нағыз
стадиондағыдай эмоция сыйлайды. Әртүрлі елден келген жанкүйерлер бір алаңда бас
қосып, футбол мерекесін бірге тойлауда. Сондықтан билет таппағандар үшін де фан
фестиваль әлем чемпионатының қызығын толық сезінуге мүмкіндік береді.
Автор
Ерсін Ерік
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыр атлетикадан ел біріншілігі Қармақшыда өтіп жатыр
22.06.2026, 17:33
Оралдықтар «50 жаңа аула» шарасын жалғастырды
22.06.2026, 17:30
Ел жаңалықтарына қысқаша шолу
22.06.2026, 17:25
Алматыда Нобель сыйлығының иегерімен кездесу болды
22.06.2026, 17:22
Барлық өңірде «Әdilet» партиясының филиалы құрылады
22.06.2026, 17:20
Алматы облысында өрт сөндіру бөлімі ашылды
22.06.2026, 17:17
Автожолдар бойына 250 сервис кешені салынады
22.06.2026, 17:15
Орман мен жануарларды қорғауға арналған заңға қол қойылды
22.06.2026, 17:12