Ресей мен Беларусьтан келетін туристер көбейді
Астанаға келетін шетелдік туристердің 40%-ы - ресейліктер. Мәселен, өткен бір жылда көрші елден 500 мыңнан астам турист келіп-кеткен. Бас қалада өткізілетін халықаралық форумдар, фестивальдер, әлемдік жұлдыздардың концерттері алыс-жақын сырт елдердегі тұрғындардың Қазақстанға ағылуына ықпал етіп отыр. Еліміздің табиғи және тарихи туристік әлеуеті Беларусь мемлекетінің тұрғындарын да қызықтырады екен. Өткен жылы Беларусьтен сыртқа шыққан туристердің 30 пайызы Қазақстанды таңдаған.
Анна Волкова, турист:
Менің ойымша, Қазақстан перспективалық туристік бағыт. Мен саяхаттағанды ұнатамын. Қазақстанға бару арманым. Қазақстан өте әдемі, табиғаты таңғажайып, халқы қонақжай, тағамдары дәмді. Сонымен қатар туристер үшін де жайлы деп естідім.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыАлматы облысының жастары қоғамдық жауапкершілікті талқылады
13.11.2026, 17:25
Тұрғындар тәуелсіз Қазақстанның қандай жетістіктерін мақтан тұтады?
13.11.2026, 17:23
Қызылорда облысында тағы екі ауылға газ қосты
13.11.2026, 17:22
Жолдауда экономикалық даму бағыттар айқындалған
13.11.2026, 17:20
PROD халықаралық олимпиадасына іріктеу басталды
13.11.2026, 17:18
Теңге – тәуелсіздіктің экономикалық тірегі
13.11.2026, 17:17