«Айбын – 2026»: Жасөспірімдер робототехникадан бақ сынады
«Айбын – 2026» халықаралық әскери-патриоттық жиынының алғашқы күні жасөспірімдер робототехникадан бақтарын сынады. Жиыннан тікелей эфирге аймақтағы тілшіміз Бибінұр Әмірханқызы қосылып отыр. Бибінұр, қанша команда қатысып жатыр? Жалпы тартыс қалай өтуде?
Бибінұр Әмірханқызы, тілші:
Робототехникадан «Смарт сарбаз» жарысына барлық 53 командадан 1 мыңға жуық жасөспірім қатысып жатыр. Бұл жастардың инженерияға, бағдарламалауға және инновациялық технологияларға қызығушылығын арттырады және цифрлық дәуірде сұранысқа ие дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді, - дейді ұйымдастырушылар. Бұл жерде роботтың дизайнынан бастап, модельдің тапсырманы орындауы, қатысушының алгоритмді тиімді пайдалануы мен сәтті таныстыруы да бағаланады. Дәл қазір «Айбын дарыны» зияткерлік ойыны да қатар өтіп жатыр. Жасөспірімдер жаңадан қабылданған Конституция бойынша білімдерін ортаға салуда.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Құрылыс саласына инвестиция құю халықтың тұрмыс сапасының жақсаруына ықпал етеді»
25.08.2026, 23:21
Елімізде Мұғалжар жылқысы көбейіп келеді
25.08.2026, 20:32
Жаңа жүйе оқушылар арасындағы келеңсіздікті анықтайды
25.08.2026, 20:18
1 қыркүйекте паспорт рәсімдеу тәртібі өзгереді
25.08.2026, 20:17
Шымкентте жаңа өндірістің арқасында 13 мың жұмыс орны ашылады
25.08.2026, 20:16
Әлем жаңалықтарына шолу
25.08.2026, 20:15
Ресейде жанармай дағдарысының екінші толқыны басталды
25.08.2026, 20:14
Бүгіннен бастап электрлі самокат жүргізушілерге талап күшейді
25.08.2026, 20:12