Щучинскіде «Айбын-2026» халықаралық әскери-патриоттық іс-шарасы басталды
Бүгін Ақмола облысының Щучинск қаласында «Айбын-2026» халықаралық әскери-патриоттық жиыны басталды. Оған еліміздің әр өңірінен және Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей мен Өзбекстан елдерінен барлығы 53 команда қатысады. Жиыннан тікелей эфирге аймақтағы тілшіміз Бибінұр Әмірханқызы қосылып отыр. Бибінұр, жиынның алғашқы күні қалай өтіп жатыр? Биылғы бағдарламаның ерекшелігі неде?
Бибінұр Әмірханқызы, тілші
Мен қазір Щучинскідегі Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледждің «Амандық» оқу-жаттығу орталығында тұрмын. Бұл жерде 900-ден астам жасөспірім үшін үлкен шатырлы лагерь тігілген. Осымен 12-ші мәрте жалауын көтерген жиынның дәл қазір салтанатты ашылу рәсімі болып жатыр. Бұл жастардың патриоттық рухын көтеріп, отаншылдыққа баулитын жиын болғандықтан, мұндағы тәртіп әскердегідей. Алғашқы күннен бастап, қатысушылар ерте тұрып, жүгіріп, таңғы жаттығуларын жасады. Бұл да алдағы жарысқа дайындықтың бір парасы деуге болады. Жалпы, «Айбын-2026» бағдарламасына әскери-спорттық, зияткерлік және шығармашылық сайыстар енгізілген. Ал биылғы бағдарламаның ерекшелігі туралы «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» республикалық бірлестігінің төрағасы, майор Мейірбек Меңдіғалиев айтып береді.
Бүгін жарыстың алғашқы күні жасөспірімдер робототехника мен зияткерлік ойындарға қатысып, өзара мықтыны анықтайтын болады.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда тұрғын үй маңындағы көлік тұрағы бақылауға алынды
22.06.2026, 10:18
Президент сайлауында Трампшыл кандидат жеңіске жетті
22.06.2026, 10:18
Ақш-Иран келіссөздерінің бірінші раунды аяқталды
22.06.2026, 10:17
Аптап ыстық еуропалықтарды әбігерге салды
22.06.2026, 10:15
Ақтөбеде дауылдан ағаштар құлап, ғимараттардың шатыры қирады
22.06.2026, 10:14
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысын қабылдады
22.06.2026, 10:10
Футболдан Әлем чемпионатының екінші тур ойындары аяқталуға жақын
21.06.2026, 20:10
Саябақтағы аттракциондардың қауіпсіздігіне кім жауапты?
21.06.2026, 20:05