Алматыда тұрғын үй маңындағы көлік тұрағы бақылауға алынды
Алматыда көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары мен маңына көлігін дұрыс қоймағандар жауапқа тартылып жатыр. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті хабарлады. Тексеру кезінде тұрақ ережелерін бұзып, жедел жәрдем, өрт сөндіру секілді арнайы қызмет көліктерінің жүру жолын бөгеген бірнеше көлік анықталды. Олардың иелеріне әкімшілік шаралар қолданылып, кейбір автокөліктер айып тұрағына эвакуацияланды. Шараның мақсаты - өрт сөндіру және басқа да арнайы техникалардың еркін қозғалысына кедергі келтірмеу. Полиция өкілдерінің айтуынша, әсіресе, апатқа ұшыраған немесе жарамсыз күйдегі көліктерді үй аулаларына және жол жиегінде ұзақ уақытқа қалдыруға болмайды. Мұндай әрекеттер үшін заң бойынша жауапкершілік қарастырылған.
Салтанат Әзірбек, қалалық ПД ресми өкілі:
Полиция қызметкерлері деректі анықтаған сәтте иесін анықтауға бағытталған іс-шаралар жүргізеді, иесі табылмаса бірден айыптұрағына тоғытады. Иесі табылған жағдайда иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылады, ол бап бойынша санкция ескерту көзделген, сонымен қатар 20 АЕК көлемінде айыппұл көзделген.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12
Азия ойындарының екінші жарыс күні басталды
21.09.2026, 10:07
Үстел теннисінен Президент кубогы мәресіне жетті
21.09.2026, 10:06
Таразда 42 көше күрделі және орташа жөндеуден өтіп жатыр
21.09.2026, 10:04
Мерцтің партиясы сайлауда жергілікті парламентке өткен жоқ
21.09.2026, 10:03
Трамп Иранға қатысты мәлімдеме жасады
21.09.2026, 10:01
Түнгі рейд: Алматыда 500-ден аса жүргізуші жол ережесін бұзған
21.09.2026, 09:59
Қоғам тыныштығын бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды
21.09.2026, 09:58