Басты Жаңалықтар Саябақтағы аттракциондардың қауіпсіздігіне кім жауапты?

Саябақтағы аттракциондардың қауіпсіздігіне кім жауапты?

Аттракциондардың қауіпсіздігі. Немесе қаупі? Қызылордадағы паркте 19 жастағы жігіттің аяғы аттракцион дөңгелектерінің астында қалып, өте ауыр жарақат алғанын естідік. Дәрігерлер оның өмірін сақтау үшін қос аяғын да ампутациялауға мәжбүр болған... Жағдайы өте ауыр.
Қазіргі уақытта аттракционды пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуы тексеріліп жатыр. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс те қозғалған.
Бұл – жазда аса мұқият болатын мәселе. Әсіресе балалар мен жастарға қатысты болғасын қатты алаңдатады. Аттракциондардың қызметі, олардың қалпын тексеру қолданыстағы заңдарда қалай регламенттелген?
Жекеменшік бизнес деп, жауапкершілікті меншік иесінің санасына ғана байланысты қылып қойған ба? Ондай сана «шкаласы» көп ретте қай санның жанында тұратынын айтсақ, тым субъективті көрінеміз бе? Ата-аналар неге мән беруі керек?

Бөлісу

Сондай-ақ оқыңыз

Барлығы