ӘЧ: Қауіпсіздік басты назарда
АҚШ, Мексика және Канадада өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында қауіпсіздікке үлкен көңіл бөлініп отыр. Өйткені мундиальді тамашалауға әлемнің түкпіп-түкпірінен 6 млн-ға жуық жанкүйер барған. Тәртіп сақшыларының жұмысы жайлы Ерсін Ерік тарқатады.
Ерсін Ерік, тілші:
Футболдан әлем чемпионаты кезінде миллиондаған жанкүйердің қауіпсіздігі басты назарда. Матч өтетін күндері стадион маңында қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, тәртіпті полиция қызметкерлері мен арнайы бөлімшелер қадағалайды.
Гари, жанкүйер:
Бұл жерде барлығы жақсы. Өзімді еркін сезінемін. Жанкүйерлерге барлық жағдай жасалған. Ешқандай шағымым жоқ. Қауіпсіздік деңгейі де жоғары. Стадионға кіру де, матчтан кейін шығу да жақсы ұйымдастырылған. Сондықтан футбол мерекесінің атмосферасын толық сезінуге мүмкіндік бар.
Стадионға кірер алдында көрермендер бірнеше тексеру аймағынан өтеді. Арнайы бақылау жүйелері мен бағыттаушы белгілер жанкүйерлердің кезекте ұзақ тұрмауына көмектеседі. Ұйымдастырушылар қауіпсіздікпен қатар жанкүйерлердің жайлылығына да ерекше көңіл бөлген. Стадион аумағында демалыс орындары, тамақтану аймақтары және ақпараттық қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді. Әсіресе шетелден келген қонақтар үшін еріктілердің көмегі маңызды. Олар бағыт-бағдар көрсетіп, қажетті ақпарат беріп, түрлі мәселелерді шешуге жәрдемдеседі. Осылайша ұйымдастырушылар әлем чемпионатын тек футбол мерекесі ғана емес, көрермендер үшін қауіпсіз әрі жайлы іс-шара ретінде өткізуге күш салып жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы