Ресейде Ніл безгегі тіркелді
Ресейде қауіпті Батыс Ніл безгегі вирусы тіркелді. Ғалымдар Мәскеу, Ростов, Орел, Волгоград және Астрахан облыстарында патогеннің әртүрлі генетикалық нұсқаларының пайда болғанын анықтады. Вирус Ресейдің 17 аймағында тараған. Індеттің басты белгілері дене қызуының көтерілуі, көкжөтел, тыныс алудың қиындауы. Кей жағдайда өлімге әкелетін неврологиялық ауруды тудырады. Сондықтан Ресейде карантиндік шаралар күшейтілді. Бірқатар өңірде вирусқа қарсы вакцина салу міндеттелді.
Геннадий Онищенко, дәрігер:
Әсіресе балалардың денсаулығына, медициналық қауіпсіздікке баса мән беруіміз керек. Жазғы демалыс кезінде вирустың көбейетіні түсінікті. Сондықтан аурудың алдын алу үшін профилактикалық шаралар қажет. Ресейде түрлі вирусқа қарсы оннан астам вакцина шығарылған.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыАлматы облысының жастары қоғамдық жауапкершілікті талқылады
13.11.2026, 17:25
Тұрғындар тәуелсіз Қазақстанның қандай жетістіктерін мақтан тұтады?
13.11.2026, 17:23
Қызылорда облысында тағы екі ауылға газ қосты
13.11.2026, 17:22
Жолдауда экономикалық даму бағыттар айқындалған
13.11.2026, 17:20
PROD халықаралық олимпиадасына іріктеу басталды
13.11.2026, 17:18
Теңге – тәуелсіздіктің экономикалық тірегі
13.11.2026, 17:17