«Ойыншықтар хикаясы 5» қазақ тілінде көрерменге жол тартты
Елордада «Ойыншықтар хикаясы 5» анимациялық фильмінің қазақ тіліндегі жабық көрсетілімі өтті. Шараға ана тіліндегі контенттің дамуына үлес қосып жүрген тіл жанашырлары жиналды. Танымал туындыны дыбыстауға бір айға жуық уақыт кеткен. Оған Disnay студиясының өзі қаржы бөлген. Айта кетейік, компания жыл сайын өз фильмдерінің 40-тан астам тілдегі нұсқасын әзірлейді. Кейінгі үш жылда 10-нан аса мультфильм қазақ тіліне тәржімаланған. «Ойыншықтар хикаясының» бесінші бөлімі балалардың гаджеттерге тәуелділігі тақырыбын қозғайды.
Шах-Мұрат Ордабаев, анимациялық фильмнің режиссері:
Қазір басты мәселелердің бірі болып тұр. Балалар планшеттен бас көтермейді. Бірімен бірі сөйлеспейді тіпті. Сонымен қатар буллинг, әсіресе балалар арасындағы. Осы мәселелер көтеріледі. Басты кейіпкерлерді дыбыстайтын кәсіби мамандар, театр және кино актерлері. Сонымен қатар қосалқы рөлдерге танымал әртістерді шақыруға тырыстық. Оның ішінде Асан Мәжит бар. Әбілмансұр Серіков, Зарина Кәрмен сынды көрерменнің көзайымына айналған әртістер де бар.
Автор
Назерке Өтеген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Испания Әлем чемпионы атанды
20.07.2026, 20:28
БҚО-да автогаз толтыру компрессорлық стансасы салынды
20.07.2026, 20:18
Шымкентте аптапта тағам арқылы таралатын инфекция көбейді
20.07.2026, 20:15
«Алматы – Бішкек» халықаралық автожолы кеңейтіледі
20.07.2026, 20:14
АҚШ-та шетелдік студенттер мен журналистерге талап күшейтілді
20.07.2026, 20:12
Еуропа одағы AliExpress компаниясына рекордтық 550 миллион еуро айыппұл салды
20.07.2026, 20:11
Зейнетақы реформасы: 2027 жылдан бастап инфляция айырмасын өтеу бағдарламасы оңтайландырылады
20.07.2026, 20:10
Аллергияға шалдыққандар қатары 1,5 есе өсті
20.07.2026, 20:08