Медицина саласының үздіктері анықталды
Медицина саласындағы «Өз кәсібінің үздігі» байқауының жеңімпаздары анықталды.
Оған дәрігерлер, мейіргерлер, ғалымдар, медициналық жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушылары, фельдшерлер мен санитариялық-эпидемиологиялық қызметкерлер қатысқан. Білікті мамандар «Үздік акушер», «Үздік ауыл мейіргері», «Үздік фельдшер» секілді 17 аталым бойынша марапатталды. Сондай-ақ Алматы қаласының емханасы, Абай облысындағы жастар денсаулық орталығы және Түркістан облысының жедел медициналық жәрдем станциясы Қазақстандағы озық ұйым ретінде танылды.
Гүлжан Мүзәрәпшанқызы, «Үздік ауыл мейіргерi»:
Осы салада қызмет етіп келе жатқаныма 38 жылға жуық уақыт болды. Мен тұратын ауылда 2000-ға жуық халық бар. Біз оларға сапалы медициналық көмек көрсетуге тырысамыз. Адамдарға көмектескенді жақсы көремін. Сол сезім мені медицинаға әкелді деп ойлаймын. Осы «Үздік ауыл мейіргері» атанғаныма қуаныштымын.
Автор
Назерке Өтеген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21