ӘЧ: Топтық кезеңнің І туры аяқталды
ӘЧ топтық кезеңнің 1-туры аяқталды. Алғашқы ойындарда бірнеше күтпеген нәтижелер де тіркелді. АҚШ-та жүрген әріптесіміз Ерсін Ерік Англия – Хорватия ойынына барып, 6 голдың куәсі болып қайтқан. Ойын жайлы сюжетінен көрелік.
Ойын тартысты басталды. Бірінші таймда командалар шабуылда сәтті ойнады.
Бірінші болып Англия құрамасы Хари Кейннің пенальтиден соққан голынан кейін
есеп ашты. Алайда көп ұзамай хорватиялықтар таразы басын теңестіріп кеттті. Матчтың
42-минутында ағылшындар қайтадан алға шыққанымен, бірінші таймның аяқталуына
жақын қалғанда Хорватия тағы да есепті теңестіріп үлгерді. Үзілістен кейін
Англия құрамасы шабуылды үдетіп, екінші тайм бастала салысымен Джуд Беллингем
командасын алға шығарды. Ал матчтың соңына қарай Маркус Рашфорд мергендігімен
көзге түсіп, ойынның қорытынды есебін тіркеді.
Джеймс, жанкүйер:
Таңғажайып ойын. Керемет атмосфера, керемет жеңіс. Шын жүректен қуаныштымын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы