Жетісу облысында парапланнан әлем чемпионаты өтіп жатыр
Жетісу облысында параплан спортынан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Әуе спортындағы ең беделді бәсекеге әлемнің 30-дан астам елінің үздіктері жиналған. Ал Қазақстан құрамасының намысын жеті спортшы қорғайды. Жарыс барысы туралы әріптесім Нұрдәулет Сыздық айтып береді.
Текелі тауының баурайы – параплан спортынан әлем чемпионатын өткізуге өте
қолайлы аймақ. Мұндағы ауа райы ұшуға ыңғайлы, ал желдің тұрақты бағыты мен
таулы жер бедері спортшылардың ұзақ қашықтыққа еркін қалықтауына мүмкіндік
береді. Сондықтан бұл өңір халықаралық әуе жарыстарын ұйымдастыратын маңызды
орталықтардың біріне айналып келеді.
Шыңғыс Баширов, спортшы:
Бұл жарыста ең қиыны карта арқылы тек қана нүктелерді көрсетіледі. Және біз сол нүктелер арқылы жүріп өтуіміз керек. Біз аспанда ұшып жүрген құстарға қараймыз, көтеріліп жатқан шаңға қараймыз. Сол арқылы біз ыстық ауаның көтеріліп жатқанын табамыз да сол арқылы ұшамыз.
Әлемнің
түкпір-түкпірінен келген 100-ден астам спортшы ұзақ қашықтыққа ұшу бойынша
өзара бәсекеге түседі.
Үш аптаға созылатын додада жеңімпаз жүріп өткен қашықтығы мен жинаған ұпайының
қорытындысы бойынша анықталады.
Әр спортшы түрлі қиындықтарға қарамастан шамамен жарыс соңына дейін 300 шақырым
қашықтықты ұшып өтуі тиіс.
Нұрдәулет Сыздық, тілші:
Қазір біз теңіз деңгейінен 3600 метр биіктіктеміз. Дәл осы жерден әлемнің 33 елінен келген спортшылар көкке көтеріліп, қашықтыққа ұшу бойынша өзара мықтыны анықтайды. Бұл жарыста жылдамдық емес, ұшу шеберлігі, ауа ағындарын дұрыс пайдалану маңызды.
Бұл Текелі тауларында ұйымдастырылып отырған алғашқы параплан жарысы емес. 2015
жылдан бері мұнда спортшылар дәлдікке қону бойынша сынға түсіп келген. Ал биыл
алғаш рет ұзақ қашықтыққа ұшу жарысы өткізілуде. Ұйымдастырушылардың айтуынша,
мұндай форматтағы бәсекені ұйымдастыру анағұрлым күрделі. Себебі спортшылардың
бағытын бақылау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және нәтижелерін есептеу көп
еңбекті талап етеді.
Игорь Виршки, ұйымдастырушы:
Спортшылар түрлі аймақтан ұшып өту арқылы бақ сынайды. Мұның өз қиындығы да бар, себебі әр жердің ауа райы әр түрлі болады. Парапланшы қандай нүктелерге бару керек оны өздері арнайы комиссиямен ақылдасып таңдайды. Сондықтан бұл жарыс түрі өте әділетті болып саналады.
Ұйымдастырушылардың сөзінше, соңғы жылдары параплан спортына қызығушылық едәуір
артқан. Соған сәйкес жарыстардың географиясы да кеңейе түспек. Мәселен, келесі
жылдан бастап Алакөл мен Балқаш жағалауында да әуе спортынан ірі жарыстар
өткізу жоспарланып отыр.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ӘЧ: Топтық кезеңнің І туры аяқталды
18.06.2026, 13:27
ӘЧ: Гана құрамасы Панаманы жеңді
18.06.2026, 13:24
Түркістанда медицина қызметкерлері арасында спартакиада өтті
18.06.2026, 13:18
Жайықта елудей кеме шерулетті
18.06.2026, 13:15
Республикалық IT Quest іске қосылады
18.06.2026, 13:12
Алматыда отбасы құндылығына арналған форум өтті
18.06.2026, 13:09
Аптап ыстық келе жатыр
18.06.2026, 13:06
Бірыңғай QR жүйесі шілдеде қосылады
18.06.2026, 13:03