Мәскеудегі Б.Момышұлы мұражайы көркейе түседі
Мәскеуде Бауыржан Момышұлы атындағы мектепте батырды еске алу рәсімі өтті. Білім ошағында даңқты жауынгердің атындағы мұражай бар. Енді мұражай кеңейтіліп, сандық жүйеше көшеді.
Мектепке Бауыржан Момышұлының есімі 2010 жылы, 100 жылдығы қарсаңында берілген.
Кеңес Одағының батырын мәскеулік оқушылар ерекше құрмет тұтады. Енді оның
атындағы мұражайды әрі қарай жетілдіру жоспарланып отыр. Барлық экспозициялар
цифрландырылады.
Тигран Навасардян, оқушы:
Бауыржан Момышұлы Кюковоны азат етуде ерлік көрсетті. Соғыстан соң кітап жазды. Мен кадет сыныбында оқимын, батырдың өмірін әрі қарай да зерттегім келеді.
Мұражайда Бауыржан Момышұлының өмірі, ерлігі, әскер
мен қызмет жолынын сыр шертетін экспозицияларды, бюстін көруге болады. Енді
мұражай тек оқушылар үшін ғана емес, барлық тұрғындарға қолжетімді.
Ольга Чемпур, Б.Момышұлы атындағы
мектеп мұғалімі:
Бұл мектептің орнында соғыс кезінде қақтығыстар болған. Бауыржан Момышұлы жеңісті жақындатуға үлес қосқан батырымыз. Сондықтан біз халық қаһарманының ерлігін насихаттауымыз керек. Бауыржан Момышұлы туралы бірнеше кітап шығардық.
Одан бөлек мектепте ай сайын «Бауыржантану» ашық сабағын оқу бағдарламасына
қосу жоспарлануда. Ал жуырда Мәскеуде батыр атамыздың атындағы халықаралық бокс
турнирі өтпек.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Аргентина мен Англия финал жолдамасына таласады
15.07.2026, 20:20
Шымкентте инсультті анықтауға ЖИ көмектесе бастады
15.07.2026, 20:17
Қызыл кітапқа енген дала қырандары бақылауға алынды
15.07.2026, 20:14
«Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» жеті томдығы баспаға жіберіледі
15.07.2026, 20:12
БҚО-да көкөніс қоймаларының құрылысы қарқын алды
15.07.2026, 20:10
Жаһан жаңалықтарына шолу
15.07.2026, 20:08
Елорданың басты су нысандары жаңартылып жатыр
15.07.2026, 20:06
Экологиялық талапты бұзған 3 кәсіпорынның жұмысы тоқтатылды
15.07.2026, 20:05