Трамп Ресей мұнайына қарсы санкцияны қалпына келтірмек
АҚШ Ресей мұнайына қарсы санкцияларды қалпына келтіруі мүмкін. Мұны Дональд Трамп Францияның Эвиан қаласында өтіп жатқан «Үлкен жетілік» саммитінде украиналық әріптесі Владимир Зеленскиймен кездескеннен кейін мәлімдеді.
Трамп әкімшілігі Ресейдің энергетикалық шикізатын Иран соғысы басталғаннан кейін санкциядан босатты. Жақында бұл шектеу алынып тасталмақ. Себебі мұнай тасымалы қайта басталайын деп жатыр.
Айта кетсек, жұма күні Вашингтон мен Тегеран соғысты тоқтату туралы келісімге ресми түрде қол қояды. Содан кейін әлем мұнайының 20 пайызы өтетін Ормұз бұғазы дереу ашылмақ. Соңғы мәліметке қарағанда, «қара алтын» құны әрі қарай арзандап, оның Brent маркасының бағасы 80 доллардан төмендеп кетті. Ал көмісутегінің америкалық сұрыбы тіпті 76 долларға сатылып жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы