Басты Жаңалықтар Мемлекет басшысы қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Мемлекет басшысы қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Президент төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті. Үкімет мүшелері ғарыш саласының бүгіні мен болашағы туралы баяндады.

Мемлекет басшысы саланың стратегиялық мәнін атап өтіп, спутниктік байланыс пен ғарыш инфрақұрылымының орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге ерекше назар аударды. Бұдан бөлек, ғарышты игеру ғылымын ілгерілету мәселелері қаралды. Әсіресе ғылыми зерттеулерге, соның ішінде астрофизикаға қолдау көрсету қажеттігі атап өтілді. Ұлттық технологиялық және инженерлік әлеуетті нығайтудың маңызды кезеңі саналған «Бәйтерек» жобасын іске асыру барысы оң бағаланды.

Президент халықаралық ынтымақтастық перспективасына тоқталып, Ресей Федерациясымен және басқа да шетелдік серіктестермен стратегиялық ықпалдастықты дамыту қажет екенін айтты.

Сондай-ақ Байқоңыр қаласы мен оған жақын аудандарда тұратын азаматтардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға мән берілді.


Бөлісу