Ақтөбе облысында көпір құрылысы аяқталуға жақын
Ақтөбе облысының Ойыл ауылындағы көпір құрылысы аяқталуға жақын. Бұл жердегі ескі өткел екі жыл бұрынғы су тасқыны кезінде құлап, жарамсыз болып қалған еді. Тұрғындар осы уақытқа дейін айналма жолды және уақытша көпірді пайдаланып келді. Ал жаңа нысанның құрылысы тоқтаусыз жүріп жатыр. Жоба құны 3,4 млрд теңге. Мұнда қада қағу жұмыстары аяқталып, 8 тірегі тұрғызылған. Құрылысы толығымен тамыз айында бітіп, ел игілігіне берілуі тиіс. Ауданда жол жөндеу жұмыстары да қарқынды. Қазір «Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-Тұзтөбе» автожолының 41 шақырымына асфальт-бетон жамылғысы төселіп жатыр. Мамандар жол құрылысына жаңа әдіс қолданылып жатқанын айтады.
Сержан Есалин, жол учаскесінің басшысы:
Салқын ресайдинг деген әдіс бар, сонымен цемент пен щебень қосылып істеледі. Оның үстіне екі қабат асфальт түседі. Бұл жұқа асфальт. Соның 9 шақырымы бітті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21