Басты Жаңалықтар Ресейде мұнай арзандап, бюджет тапшылығы ұлғайды

Ресейде мұнай арзандап, бюджет тапшылығы ұлғайды

Ресейдің мұнайы арзандап, кіріс тағы төмендеді. Әсіресе Қытай мен Үндістанға жеткізілетін қара алтын құны түскен. Санкция құрсауында қалған көрші елді қымбатшылық жайлады. Сарапшылар алдағы екі айда елде инфляция 15 пайызға жететінін болжап отыр.

Осыған дейін бірнеше рет ресейдің мұнайы арзандап, қазынаға 2,3 трлн рубль шығын келтірілген. Енді танымал Urals маркалы мұнайының құны тағы бес долларға дейін төмендеді. Бұл дегеніміз тәуліктік экспорт 2,5 млн-нан 1,7 млн баррельге дейін түсті деген сөз. Brent мұнайы да 70 доллардан төмен саудаланбақ. Сондықтан 56 өңірде бюджет тапшылығы ұлғайды.

Сергей Михневич, сарапшы:

Ресейге қарсы салынған санкциялар пакеті көп. Олар барлық салаға кері әсерін тигізіп жатыр. Елде сұраныс болғанымен, өндірісті бір жолға қою үшін уақыт керек. Мұнайдан түсетін қаражат қысқарса, дағдарыс басталады.

Осы күнге дейін Ресейге қарсы 15 мыңға жуық санкция салынды. Сондықтан базалық мөлшерлеме, салық өсті, бизнес жаппай жабыла бастады. Тіпті кей компаниялар үш күндік жұмыс аптасына көшті. Соңғы екі аптада кәсіпорындар 20 пайыз жұмыс орнын қысқартқан.

Гарри Мудранян, «Амалко» халықаралық кадр агенттігінің басшысы:

Оған қоса жұмыс күші елден кетуде. Осыған дейін жұмысшы көп болғанымен, жалақы қысқарды. Ең көп банк секторы, айти саласында жұмыс істейтіндер қысқартуға ұшырады.

Алдағы күндері Еуоодақ Ресейге қарсы 21-санкциялар пакетін жариялмақ. Шектеулер ресейлік 31 банкке транзакцияларға тыйым салмақ. 90 ға жуық қаржы ұйымының активі бұғатталады. Мұнай арзандап, кіріс төмендегендіктен, Орталық банк тағы базалық мөлшерлемені көтермек.


Бөлісу