Талдықорғанда дәрігерлер жүрекке алғаш рет жасанды құрылғы орнатты
Талдықорғандық дәрігерлер алғаш рет жүрекке жасанды сол жақ қарынша құрылғысын орнатты. 6 жылдан бері ауырған 46 жастағы ер адамның жүрегі үш есе ұлғайып кеткен.
Оны емдеу үшін Астана мен Жетісу облысының мамандары 4 сағатқа жуық операция жасады. Енді жасанды құрылғы жүректің негізгі қан айдау қызметін атқарып, науқастың жағдайы жақсарады,-дейді мамандар. Құны 80 миллион теңге болатын ота мемлекеттік квота аясында тегін жасалды. Талдықорғандық мамандар бұл күрделі операцияны үйрену үшін бірнеше жыл тәжірибе жинақтаған.
Нұрсан Сұрашев, облыстық кардиологиялық орталық директоры:
Астаналық дәрігерлер операцияны бақылап тұрды. Біз отаны өзіміз жасадық. Ары қарай да бұл отаны өзіміз жасай береміз. Өйткені науқастар өте көп ондай жүрек жетіспеушілігімен. Біздің Жетісу облысында қазіргі күнде қан тамыры ауруларымен 90 мың адам диспансерлік есепте тұр.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбе облысында өнертапқыштарды қолдай бастаған
05.10.2026, 17:25
Дүниежүзілік азық-түлік мерекесі тойланды
05.10.2026, 17:24
Астанада ШҚО жәрмеңкесі ұйымдастырылды
05.10.2026, 17:22
«Ауыл аманаты»: Кәсіпкерлерге қаржылай қолдау көрсетілді
05.10.2026, 17:20
Шымкенттің қоқысын тасуға тағы жаңа көліктер берілді
05.10.2026, 17:18
Ел жаңалықтарына шолу
05.10.2026, 17:15
Ақмола облысында 38 жаңа медициналық нысан салынған
05.10.2026, 17:13
Көлік, әуе, кеме бағыты цифрландырылуда
05.10.2026, 17:12