Басты Жаңалықтар 14 маусым – дүниежүзілік қан доноры күні

14 маусым – дүниежүзілік қан доноры күні

Ертең дүниежүзілік донор күні. Тұрақты түрде қан тапсыратындардың қатарынан болсаңыз, біле жүріңіз! Донор болған әрбір адам үш жанға өмір сыйлай алады. Дәрігерлер осылай дейді. Атаулы күнде жомарт жүректі азаматтарға ерекше құрмет көрсетілмек.

18 жасқа толған, салмағы 50 келіден асқан, денсаулғында кінәраты жоқ кез келген азамат қан доноры бола алады. Кейінгі екі жылда ерікті түрде трансфузиология орталығына келуді әдетке айналдырғандардың бірі Мәди Нұрлыбеков. Бұл ісім өзгеге де, өзіме де пайдалы, дейді ол.

Мәди Нұрлыбеков, Қала тұрғыны:

Негізгі себебі көмектесу ғой. Телефонға смс келіп отырады «сіздің қаныңызды өткіздік, рақмет» деген. Қуанып қаласың. Жеп жеңіл боласыз, жеңілдеп қаласыз.

Әр адамнан алынатын әдеттегі қан мөлшері 450 мл. Оны жылына 3 реттен көп тапсырғандар тұрақты донор саналады. Қазір елімізде осындай 26 мыңнан аса азамат бар. Барлығына қойылатын басты талап - деннің саулығы. Егер хәліңіз нашар болса, донор болуға рұқсат жоқ. 

Әйгерім Сағынбаева, Елордадағы трансфузиология ғылыми–өндірістік орталығының бөлім меңгерушісі:

Бізде шектетулер тұрақты және уақытша болып бөлінеді. Мысалы уақытшаға егер донор ішімдік ішіп келсе, 48 сағатқа шектетіледі. Немесе ангинамен ауырса, 1 айға, егер орви болса 2 аптаға немесе операция болса 4 айға шеттетіледі.

Жомарт жүректі азаматтарды сала министрлігі назардан тыс қалдырған емес. Жыл сайын кемінде 40 рет қан тапсырған не 70 мәрте плазма берген донорларға арнайы төсбелгі табыстайды. Биыл 6 елордалық осындай мәртебелі марапатқа ие болды.

Әмірбек Асылбекұлы, қала тұрғыны:

Шамасы 16 жыл болды. Қан орталығы ұжымына алғысымды білдіремін. Олар ерекше ықыласпен қарайды қан тапсыратын адамдарға. Олардың өздері айтады, сіздер көмектесесіздер, сіздерге рақмет деп айтады.

Науқастар саны көбейіп жатқан соң, қан доноры жеткілікті деп ешқашан айта алмаймыз, дейді дәрігерлер. Себебі орталықта плазма 3 жыл, эритроциттер 42 күн, тромбоциттер небәрі 7 күн сақталады.

Бөлісу