Ресейдің 25 өңірінде бензин тапшы
Ресейдің 25 өңірінде бензин тапшы. АИ-92 және АИ-95 маркалы жанармай бірқатар өңірде адам басына 10 литрден артық сатылмайды. Сондай-ақ қара алтын бағасы төрт пайызға өскен. Себебі елдегі он мұнай өңдеу зауытының сегізі істен шыққан. Мамыр айында мұнай өңдеу соңғы 17 жылдағы ең төменгі көрсеткішке түсті. Мамандардың айтуынша, мұнай өңдеу зауыттарын іске қосу үшін бірнеше ай кетеді. Сондықтан шілде-тамыз айларында бензин тапшылығы ұлғайып, елде инфляция өседі.
Станислав Митрахович, сарапшы:
Жанармай дағдарысы Ресейде жылда қайталанады. Бұл мәселені шешу үшін мұнай компанияларына субсидияны өсіріп, салықты азайту керек. Сондай-ақ логистиканың бұзылуы да қымбатшылыққа себеп. Санкцияға байланысты жанармай тасымалдауға техника жетпейді.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Чемпиондар елге оралды
05.11.2026, 20:30
Қос ауыл тегіс түйе шаруашылығымен айналысады
05.11.2026, 20:24
Елімізде 7 жылда 625 кәсіпорын іске қосылды
05.11.2026, 20:22
Алматыдағы 27 нысан мемлекет қорғауына алынуы мүмкін
05.11.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
05.11.2026, 20:11
Әлеуметтік жобарларды іске асыру – басты назарда
05.11.2026, 20:09
Қазақстан электр қуатын артығымен өндірмек
05.11.2026, 20:08
Ұлттық банк 2028 жылға дейін инфляцияны 5 пайызға дейін төмендетуді көздейді
05.11.2026, 20:06