АҚШ Әлем чемпионатына дайын
Әлем чемпионатын қабылдайтын үш елдің бірі Америка құрама штаттары топтық кезеңдегі алғашқы ойынын Парагвай құрамасына қарсы өткізеді.
Лос-Анджелес – АҚШ-тағы Калифорния штатының ең үлкен қаласы әрі әлемдегі ең танымал мегаполистердің бірі. Бұл қалаға келгендердің айтуынша, Лос-Анджелес адамды бірден өзіне баурап алады. Мұнда Голливудтың жарқыраған әлемі, Тынық мұхитының жағалауы, биік пальмалар мен үлкен мегаполистің ерекше атмосферасы тоғысқан. Қала бірнеше рет Олимпиада ойындарын қабылдаған, биыл футболдан Әлем чемпионаты мен 2028 жылы жазғы Олимпиаданың басты орталықтарының біріне айналмақ.
Бірнеше сағаттан соң Канадада футболдан Әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтеді. «Торонто» стадионында болатын рәсімді сағат 22:40 «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Спорттық шара аяқталысымен, В тобындағы матчтар басталады. Астана уақытымен сағат 23:40-та Канада құрамасы Босния және Герцеговинаға қарсы ойнайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы