Жоғары білімнің жаһандық мүмкіндіктері талқыланды
Қоғамға ықпал ететін беделді университеттер қандай болуы керек? Білім беру, көшбасшылық және қоғамдық өзгерістерге әсері бар ма? Алматыда бас қосқан халықаралық сарапшылар осы тақырыпта ой өрбітті. Орталық Азияда алғаш рет ұйымдастырылған конференцияға әлемнің 15 елінен 100-ден астам делегат қатысып жатыр. Екі күн бойы жаһанның жетекші университеттерінің президенттері, ректорлары мен халықаралық ұйым өкілдері жоғары білім беру саласының болашағы, оқу орындарының қоғамдағы рөлін талқылайды. Оған қоса инновацияны дамыту, бәсекеге қабілеттілік, саланың негізгі трендтері мен даму мүмкіндіктерін саралайды. Конференцияның қорытындысы бойынша жасанды интеллект дәуіріндегі университеттердің трансформациясына арналған халықаралық басылымды жариялау жоспарланған.
60 жылдық тарихы бар ұйымымыз мұндай конференцияларға ерекше мән береді. Біз мұндай басқосуларда білім беру саласындағы жаңа бастамаларды, болашақ көшбасшыларды даярлау, қоғамның дамуына көмектесетін ортақ шешімдерді талқылаймыз. Алматыда өтіп жатқан шарада жаһандық жоғары білімге қатысты маңызды мәселелерді қозғап, жетекші оқу орындарымен келісімге келеміз деп сенемін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы