Шымкентте жылан қаптап кетті
Шымкентте жылан қаптады. Соңғы екі ай көлемінде жедел құтқару жасағының көмегіне 150-ге жуық тұрғын жүгінген. Мамандар осы уақыт аралығында 90-нан астам жыланды ұстап, қауіпсіз аумаққа шығарған. Салыстырмалы түрде былтыр жыл бойына құтқарушыларға 200-ге жуық шақырту түсіп, соның 116-сы жылан ұстаумен аяқталған. Жауаптылардың айтуынша, бауырымен жорғалаушылар қорек іздеп, жеке тұрғын үйлердің маңына, саябақтар мен тоғайларға жиі шыға бастаған. Алайда қазіргі уақытта жылан шағу дерегі тіркелмеген. Құтқарушылар табиғат аясына шыққанда, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.
Жыланның көп жүретін жері - тышқаны бар үй, шымшықтар балапандайтын жерлерде көп жүреді. Өйткені жылан солармен қоректенеді. Сондай жерлерде көп болады, оның түрі көп Шымкент қаласында. Улысы да бар, улы емесі де бар. Оны құтқарушылар келгенше тек қана бақылап отыру керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы